Сарыағашта жаңа асфальттың жарылып кеткен видеосы тарады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2723

Сарыағаш қаласында көлік жүргізушілері жаңа асфальттың қалай жарылғанын видеоға түсіріп алып, таратты, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Тұрғындар мердігерлер жұмысының сапасына наразы. Алайда «ҚазАвтоЖол» компаниясы мердігерлердің асфальтты толығымен ауыстырып, барлық ақауларды жойып қойғанын хабарлады. 

29 қыркүйекте «ҚазАвтоЖол» мамандары А-15 жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлігіндегі ақауларды анықтады. Мердігер компанияға олқылықтарды тез арада жою тапсырылды. Асфальт ауыстырылды және компанияға зертханалардан сапа кепілдігі туралы шешім берілді.

Мердігер де стандарттарды сақтамағаны үшін айыппұл төлеуі керек. Айналма жолдың жоқтығынан учаскеде жұмыс қиынға соқты, ал ол арқылы күніне 20 мыңнан астам жеңіл көлік өтеді, оның 3 мыңы жүк көліктері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алдағы уақытта Қазақстан азаматтары Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанға шетелдік төлқұжа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған ақпарат берген 56 жастағы...