Елордада Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназия ашылды

Жаңалықтар
2977

Нұр-Сұлтанда қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы болды. Аталмыш білім ошағы Фариза ақынның атымен 2022-жылдың 14-наурызынан бері аталып келеді. Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен салтанатты ашылуы бүгін өтті. 

№77 мектеп-гимназиясы таза қазақ тілінде білім беріп қана қоймай, шетел тілдерін тереңдетіп оқытады. 

Ақиық ақын Фариза Оңғарсынованың есімі берілуіне орай республикалық ғылыми-қоғамдық конференция өтті. Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Сарықызы Әйтімова «Ф.Оңғарсынованың сара жолы», Ф.Оңғарсынова атындағы жеке қордың директоры Оңғарсынова Алмагүл (Ф.Оңғарсынованың сіңлісі) «Фариза өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері», №77 мектеп-гимназияның директоры Байменова Гүлжамал Пердебайқызы «Қазақтың өр тұлғалы өжет қыздары (тарихта алтын әріппен аты қалған қазақ қыздары)» сынды тақырыптарға баяндама жасады. 

Сондай-ақ іс-шара аясында мектеп аумағындағы «Қаһармандар аллеясына» қонақтардың қолымен ағаш отырғызылып, ақынның атындағы «Фаризатану» музейі тамашаланды. 

Шараға ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов, сіңлісі Алмагүл Оңғарсынова және немерелері бірқатар қоғам қайраткерлері қатысты. 

Салтанат Есенқұлова

Фото: дереккөз

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...