ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Алтай ауданының тұрғыны...
Алматыда 600 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Фото: Gov.kz
Алматы облысында Telegram арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен төрт қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында ұсталған куратор 2024 жылғы маусымнан бастап 50-ден аса дропты (банк карталарын өз атына немесе басқа адамдардың атына рәсімдеген тұлғаларды) басқарғаны анықталды. Осы шоттар арқылы 1000-нан аса қаржылық операция жүргізіліп, жалпы сомасы 580 миллион теңгеден асқан. Әрбір транзакциядан куратор 6% комиссия алып, жалпы табысы 35 миллион теңгеден асқан.
"Дроптарға қатысты қылмыстық істер елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында, сондай-ақ, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында және Маңғыстау облысында тергеліп жатыр", - деді полиция.
Айта кетейік, куратор Telegram арқылы "оңай ақша табу" туралы хабарландырулар жариялап, дроптарды тартумен айналысқан. Ол адамдарды банк карталарын өз атына немесе басқа тұлғалардың атына рәсімдеуге көндірген. Алаяқтар карталарға қол жеткізгеннен кейін оларды жәбірленушілерден алаяқтық жолмен алған ақшаны аудару және ізін жасыру үшін пайдаланған. Түскен ақша тез арада қолма-қол шешіліп, криптовалютаға аударылып немесе басқа есепшоттарға таратылып отырған.
Куратор әрбір транзакциядан 6% пайда көрсе, дроптарға аз ғана сыйақы төленген, ал негізгі табыс қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға кеткен. Нәтижесінде дроптардың карталары заңсыз операцияларға қолданылған, ал куратор мен ұйымдастырушылар жасырын әрекет еткен.
"Қазір күдіктілер полицияға жеткізілді, тергеу жүргізіліп жатыр. Куратор уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ведомство өкілі.
Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда азық-түлік бағасы екінші ай қатарынан аздап төмендеп келеді. Алайда дүкен мен базарға ба...
PESTEL
Америкалық Microsoft корпорациясы жасанды интеллект саласына инвестицияны арттыру мақсатында шамам...
Оқи отырыңыз
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қызылқоға ауданында 82 жастағы әйел өз үйінде қаза тапты. Зейнеткер ұзақ уақыт бойы ауыр науқастанып...
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңаөзенде соңғы қоңырау күні мектеп түлектері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
ЖАҢАЛЫҚТАР
Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...
РУХАНИЯТ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атын...
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алдағы үш тәулікте еліміздің батысында солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы нашарлайды, деп хаба...
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жамбылдың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты жаңа фестиваль басталды...
ЖАҢАЛЫҚТАР
Иран Трамптың Ормуз бұғазын ашу жөніндегі ультиматумына жауап берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....