Джон Толкиннің «Сақиналар әміршісі» қазақ тілінде жарық көрді

ӘДЕБИЕТ
2182

Ағылшын жазушысы Джон Р.Р. Толкинің «Сақиналар әміршісі» атты танымал роман-эпопеясы қазақ тілінде оқырманына жол тартты, деп хабарлайды  madeniportal.kz 24.kzсілтеме жасап.

Аталмыш кітапты қазақ тіліне аударуға «Фолиант» баспасы авторлық құқыққа ие. Алғаш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған трилогияның қазіргі уақытта бірінші бөлімі қазақ тіліне аударылып, Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесінде оқырманның назарына ұсынылды. Ал қалған екінші және үшінші бөлімдерін 2022 жылдың соңына дейін басып шығару жоспарланған. Романды ағылшын тілінен тәржімалаған аудармашы Алтынжан Иралиева.
Айта кетейік «Сақиналар әміршісі» роман-эпопеясын автор 1937 жылы бастап, 1948 жылы аяқтаған. Осы уақыт аралығында кітап 38 тілге аударылған.




Жаңалықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madenip...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде подполковник пен хуторлық Хасанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды made...