"Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов әзіл әлеміндегі інілері Есен Еле...
Күлтегін мәтіндер жинағы 14 тілге аударылды
3829

Халықаралық Түркі академиясында «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтті. Семинар барысында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әзірлеп шығарған Күлтегін ескерткішіне арналған мәтіндер жинағын таныстырды.

Аталмыш еңбек әлемнің 14 тіліне аударылды. Атап айтқанда Күлтегін бітіктасы мәтінін ағылшын, әзербайжан, қазақ, корей, қырғыз, мажар, монғол, неміс, орыс, татар, түрік, тыва, қытай, және француз тілдерінде ғылыми және көркем аудармалары жарық көрді. Сондай-ақ жинаққа Күлтегін кешеніне қатысты тың ғылыми мәліметтер, мұрағаттағы тарихи құжаттар мен сызбалар кіргізілді.
Фото: дереккөз