Екібастұзда алты жастағы бала ауладағы көліктің астына түсіп, қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
618

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы болғанын Павлодар облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол ережесі мен жылдамдық режимін қатаң сақтауы керек. Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды аумақтарда аса сақ болған жөн», – делінген полиция хабарламасында.

Қаза болған баланың туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған. Олардың сөзінше, көлік тізгінінде болған қыз аулада «жатқан полицей» бар екеніне қарамастан, көлікті тым жоғары жылдамдықпен жүргізген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...