«Сүйіктісімен жанжалдасқан»: Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді

Фото: t.me/kozachkow видеосының скриншоты

ЖАҢАЛЫҚТАР
2449

Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерге арналған терминалында касса маңында ер адам өзін өртеп жіберді. Оқиғаға қатысты полиция алдын ала себепті атады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның мұндай әрекетке баруына азаматтық некедегі серіктесімен жанжал себеп болуы ықтимал.

«Алдын ала деректер бойынша, оның қадамына бірге тұратын сүйіктісімен болған жанжал әсер еткен. Қазір барлық жағдай сотқа дейінгі тергеу аясында анықталып жатыр», – деп хабарлады департамент өкілдері.

Айта кетейік, оқиға 25 тамыз күні сағат 22:06 шамасында Т-1 терминалында тіркелді. Билет кассасының жанында өзіне от қойған ер адамға әуежай қауіпсіздік қызметі мен полиция дереу көмек көрсетіп, өрт сөндіргішпен жалынды ауыздықтаған. Кейін жедел жәрдем шақырылып, ол қала ауруханасына жеткізілді.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...