Белгілі абайтанушы Омар Жәлел екінші әйел алу жайлы пікір білдірді. Өмірінде тоқал алып, одан бала т...
Танымал блогерді төрт баласының көзінше атып кеткен
Фото: freepik
Бразилияда танымал блогер Памела Гимарайнс өз үйінің маңында белгісіз адамның қолынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті әйелдің үйінің алдына көлікпен келіп, оны сыртқа шақырған. Памела қақпа алдына шыққанымен, әлдебір сөзді естіген соң қайтадан аулаға қарай бұрылған. Сол сәтте қарулы адам оқ жаудырған.
Қайғылы оқиға кезінде блогердің төрт баласы да жанында болған.
Ауыр жараланған Памела шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
26 жастағы Памела Гимарайнс әлеуметтік желіде күнделікті өмірі, сән және ана болу тақырыптарындағы контентімен танымал болған. Оның кенже баласы небәрі бірнеше айлық екені айтылды.
Блогердің парақшасындағы соңғы жазба 25 сәуірде жарияланған. Видеода: "Егер сен маған мың рет мұқтаж болсаң – мен мың рет қасыңнан табыламын…" деген жазу болған.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп, күдіктіні іздестіріп жатыр.