Еліміздегі веб-сериалдардың бүгінгі деңгейі

КИНО
2440

Қазақстандағы кино өнері қазіргі таңда қарқындап дамып келеді. Әр түрлі жанрдағы фильмдер, сериалдар жиі түсіріліп, әлемдік прокаттқа да шығып жатыр. Әсіресе, отандық сериалдар ТМД елдерінде танымал болуда. Дегенмен, түсіріліп жатқан көптеген фильмдер арнайы кино мамандарын талап етпей-ақ түсірілуде.

 «Жездуха» веб-сериалынан үзінді кадрСоңғы кезде фильмдер, кино мен сериалдар түсіру қол жетімді болып кеткендей. Блогерлер, әншілер, жайдарманшылар кино саласында емін-еркін жүр десек те болады. Барлық танымал жандардың кем дегенде бір фильмі немесе сериалы бар. Әсіресе, әлеуметтік желінің қарқынды дамыған заманында киносериалдар түсірушілер саны артты. Танымал болу да, кино түсіру де оңай затқа айналып кеткендей. Соңғы кездері YouTube әлеуметтік желісіне салынған сериалдар саны артып жатыр. Қаралым саны миллионнан асқан, көрермен көзайымына айналған отандық сериалдар көп. Соның ішінде ең танымалы – «5:32» және «Жездуха» веб-сериалдары. Бұл веб-сериалдар тек отанымыздан басқа, Қырғызстан және Өзбекстан, тағы да басқа ТМД елдерде танымал болды. 

The Rocket Stories командасы және режиссер Алишер Утевпен біріге 90-шы жылдардың орта шенінде ауыр оқиғалар туралы «5:32» веб-сериалын жарыққа шығарды. «5:32» сериалы Tic-Tok және YouTube желілерінде танымал болып, көрермен көңілінен шықты. Бұл фильм – екі детективтің  (полецейлердің) қылмыскерлерді ұстау барысын, қылмыскерлердің оқиғасын баяндайтын сериал. Сериалдың аты неліктен «5:32» деп аталатынынын нақты жауабы жоқ. Біреулер бұл Құран кітаптағы бесінші сүре отыз екінші аятқа байланысты қойды десе, енді біреулері сериалдағы қылмыс пен тергеу санына байланысты қойды деген тұжырымдар жасаған. Сериал сюжеті ауыр, қанды сценалар жиі кездеседі. Көрермен көңілінен шыққан сериал арқылы көптеген актерлар мен актрисалар танымал болып, өз жұлдыздарын жаға алды.

Жаңа сериалдың режиссері, сценарисі және продюсері Алишер Утевтің сериалдың пайда болуы жайында: «Маньяктардың қылмысы туралы сериал көрерменге ұнайтын сияқты, өйткені медиаалаңда салмақты өнім аз. Мен 90-жылдары еліміз қандай күй кешкені туралы көптеген ақпарат оқыдым және мынадай қызыққа тап болдым: милиция жабылып ҰҚТ және рэкетирлермен алысып жатқанда, маньяктар өздерін еркін сезініп, ашық шыға бастаған, сондықтан құрбандық саны көбейген. Мені бұл факт қатты таң қалдырды да тақырыпты зерттей бастадым, сөйтсем өте үрейлі қылмыстар тым көп екен. Осы ойлардан шабыт алдым да, синопсис жазып, бірнеше сериясын да жазып тастадым, бірақ сол кезде іске асыруға әлі ерте екенін, көрермен әлі дайын емес екенін түсіндім. Үш жыл өткен соң ғана дайындықты, уақыт келгенін сездім. Осылайша біздің қылмыстық тарихымыздағы ең ауыр қылмыстар туралы сериал дүниеге келді».

 «5:32» веб-сериалынан үзінді кадрЕндігі кезектетегі Миллон командасының «Жездуха» атты сериалы YouTube-те көп қаралым жинаған туындылардың бірі. Жайдарман ойыншыларының бұл комедиялық сериалы ерлі зайыптылардың күнделікті өмірін көрсетеді. Сериалдың бұлай аталу себебі жездесіннің қайын інілерімен бірге тұруына байланысты қойылған. Бұл сериалдың алдында бұл команда «Әпке» атты сериалды шығарған болатын. Бірақ «Әпкеге» қарағанда «Жездуха» сериалының танымалдылығы басымырақ. Жайдарман ойыншыларының бұл туындысы көрермен көңілінен шықты. Аз уақытта бәрінін сүйікті сериалына айналып үлгерді. Жаңа бөлімі шыққан бойда трендке ілініп, аз уақытта миллон қаралым жинайды. Дегенмен де, бұл сериал арнайы кәсіби мамандарсыз түсірілген. Оларда арнайы топ жоқ, толық барлығын өздері түсіріп, сценарийды өздері жазып, өздері өңдеп салады. Әр бөлімде жаңа кейіпкер яғни әр бөлімде қонақ ретінде елімізге танымал жандарды түсіреді Мысалы, 25-ші бөлімінде Нұрлан Қоянбаев түссе 27-ші бөлімінде танымал тик токер Мұрат Әбділдә мен Марат Достаев түскен болатын. Команданың жайдарманда да жолы болып жатырғ, команда 2021 жылы Жайдарман ойындарының чемпионы атанды. Бұның  барлығы көрермендердің арқасы дейді олар.

Таңнұр Құрақбек,

«Кинотану» мамандығының 1 курс студенті (Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...