«Өліара» фильмінің түсірілімдері аяқталды

КИНО
2785

Венгриялық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмінің соңғы түсірілімдері Алматы облысы Кербұлақ ауданы Балғалы станциясының маңында өтті. Тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді, деп хабарлайды madeniportal.kz

- Бүгін біз басты кейіпкердің Қазақстанға келген сәтін түсірдік. Бұл сахна фильмнің басында көрсетіледі. Сол үшін ескі паравоз бен вагондар «Қазақстан темір жолы» компаниясы арқасында осы жерге жеткізілді. Түсіру жұмыстарына күн сайын 50-ден астам адамдар (массовка) қатысты, - деді фильмнің продюсері Олжабай Мұсабеков

- Басында фильмді қыс мезгілінде түсіреміз деп жоспарлаған болатынбыз. Уақыттың тығыздығынан сценарийді сәл өзгертіп, қазан айында түсірілімдерді бастап кетуге мәжбүр болдық. Негізгі түсірілімдер Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылының маңында өтті. Тәжірибиелі және кәсіби командамыздың арқасында түсірілімдерді уақытылы аяқтадық, - деді режиссер Тамаш Тот.

Сонымен қатар режиссер фильмнің актерлері туралы сөз айтып, басты рөлге Венгрияның театр және кино актері Петер Барнайды (Péter Bárnai) шақырағынан айтты. Сондай-ақ фильмге Алдабек Шалбаев, Ержан Нұрымбет сынды басқа да отандық актерлер түскенін айта кету керек.  

- Фильмге түскен актерлеріміз өте мықты. Бұл жобаға талантты актерлер жиналды. Мысалы, Венгриядан жас актер Петер Барнайды арнайы шақырттық. Осы уақыт аралығында ол үлкен жұмыс атқарды. Бұл оған үлкен мектеп болды. Орыс және қазақ тілдерінде сөйлемесе де, диалогтарды жатқа айтып, түсірілімдер кезінде еш қиналмады. Қазақстандық актерлер оған үлкен көмек көрсетті, - деді режиссер.

Сондай-ақ «Өліара» фильмінің түсіру тобы осы картинаның  түсірілімдеріне қатысқан Nomad Stunts каскадерлер тобына алғысын білдірді.

Фильмнің монтаждау жұмыстары Будапешт қаласындағы белгілі FOCUSFOX компаниясында жүргізіледі. Кейін «Қазақфильм» киностудиясында туындының орыс тіліндегі нұсқасы дайындалады.

Сценарий авторы: Нұрлан Санжар

Қоюшы режиссер: Тамаш Тот

Қоюшы оператор: Алексей Кирюхин

Қоюшы суретші: Рустам Одинаев

Грим бойынша суретші: Лидия Ордынская

Продюсері: Олжабай Мұсабеков

madeniportal.kz

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...