Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті

Жаңалықтар
990
Алматы облысы Жаңалық ауылындағы «аштық және саяси қуғын сүргін құрбандарына» арналған музейде Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары жайында сыр шертілген кеш өтті. Кеш аясында Абай күніне орай «Абайдың ақын ұлдары» атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Кітаптың атауы айтып тұрғандай, хакім Абайдың дарынды ұрпақтарына арналған. Кітапқа ақынның ұлдары Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл мен немересі Әубәкір Ақылбайұлының көркем ­туындылары және олардың өмірі мен шығармашылықтары ­туралы зерттеулер, эсселер мен мақалалар топтастырылған.
Айта кететіні тұңғышы Ақылбай мен Мағауия көркем дастан поэмаларды жазған болса, ал,Тұрағұл қара сөздің хас шебері, аудармашы болған. Немересі Әубәкір сатиралық өлеңдер, тарихи шығармалар желісінде көлемді дастандар жазған.  
«Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкәрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Қысқасы кеңес өкіметі Абай ұрпақтарына теріс қараған. Ал енді бүгінгі жастар абай армандағандай білімді білікті болу керек қой», - деп атап өтті жазушы Болат Жүнісбеков.

Шара соңында қонақтар музейді аралап, экспонат естеліктермен танысты. Сонымен қатар Алматы облысында «Абай әндері» атты «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті, «Үмбетәлі жырларындағы – Абай бейнесі» атты жиыны, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» атты поэзия кеші сынды шаралар 17 тамызға дейін жалғасын таппақ.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылу...

Әлем

Польшадағы Димаш Құдайбергеннің Фан-клубы алғашқы «поляк-қазақ тілашарын» шығару арқылы...