Бүгіндері күн көрісі төмен адамдардың жыртығына жамау болатын бірден бір қаражат көзі – атаулы...
Ауруханада зейнеткердің шотынан 13 миллион теңге ұрлаған әйел ұсталды
Фото: ИИ/Шедеврум
Екібастұзда зейнеткердің банк шотынан 13 миллион теңге жоғалды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, зейнеткер 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін инсульт бөлімшесінде ем алған. Ол жатқан палатада бірнеше пациент болған. Зерттеу барысында зейнеткердің ақшасын ұрлаған әйел анықталды.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті әйел зейнеткердің ұялы телефоны арқылы банк қосымшасына кіріп, оның шотынан ақша аударып алған.
«Әйел кінәсін мойындады. Ол бұл ұрлықты ешкім білмей қалады және өзіне күдік түспейді деп ойлаған. Оған қатысты «Каспи» банк қосымшасы арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға жеке заттары мен телефондарын мұқият сақтап, бөтен адамдарға құпия мәліметтерді сеніп тапсырмау керек екенін ескертеді.