Анни Эрно Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды

ӘДЕБИЕТ
1469

Стокгольмдегі Швед академиясы 2022 жылғы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын  француз жазушысы Энни Эрноға берді.

Анни Эрно

Француз жазушысы бұл сыйлықты «Жеке жадының түп-тамырын, алшақтығы мен ұжымдық шектеулерін ашқан батылдығы мен өткірлігі үшін» алды. Комитет бүгінгі әлемде болып жатқан жағдай емес, әдебиет пен шығарманың сапасына басымдық берілгенін атап өтті.

Анни Эрно 82 жаста, францияның қазіргі заман әйел жазушысы.

Сондай-ақ, жазушының қазірге дейін он бестен астам кітабы жарық көрген. «Оның мекені», «Жалғыз әйел», «Сол жылдар» атты шығармалары оқырмандар тарабынан жақсы қабылданған.

Швед ғалымы және өнертапқыш Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, әдебиет сыйлығы осы салада «идеалистік бағыттағы ең көрнекті шығарма» жазған адамға беріледі. 

Лауреатты Швед академиясының 18 мүшесі таңдайды.

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде қазақстандық трансгендердің соққыға жығылған видеосы  тарады, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...