Соңғы бірнеше жыл бойы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде күні кеше ғана кеңестік деп...
С.Сейфуллиннің жұмыс кабинеті
1222
С.Сейфуллин жастайынан Абай Құнанбаев пен А.С. Пушкиннің туындыларынан сусындап, ақындыққа деген қызығушылығы артып, өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері, мақалалары «Айқап» журналында 1914 жылы маусымда жарық көрді. Кейінгі жылдары өзінің шығармашылығы жайында «Менің шығармашылығымның бастауы» деген мақалада айтылады. Бұл мақала 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ тілінде жарияланды. 1931 жылы А.Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуына арналған жиында Сәкен Сейфуллин сөз сөйлейді. А.С.Пушкиннің 3 томдық кітабын өзінің редакциялауымен жарыққа шығаруына байланысты осы салтанатты жиында оған орыс ақындары құрмет көрсетіп, төсбелгі (медальон) мен марапатталады.