Балалар мен жасөспірімдер арасында әдеби шығармалар байқауы өтеді

ӘДЕБИЕТ
1950

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен «Өнертану» факультетінің «Ритм» жастар лабораториясының ұйымдастыруымен «Бағыт» балалар және жасөспірімдер арасында әдеби шығармалардың республикалық байқауы өтеді.



Байқаудың негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында жазуға бейім балалардың шығармашылығына қолдау білдіру.  Озық ойлы жастарды қазақ әдебиетіне бағыт бұруға ат салысу. 


Байқаудың қатысушылары:

– Шығармаларымен танылып келе жатқан 18 жасқа дейінгі қаламгерлер қатыса алады.

Байқаудың тілі: қазақ тілі

Байқаудың бағыттары: 

Байқауға қатысушылар тәуелсіздік тақырыбында әңгіме, ертегі, поэзиямен бақ сынайды:

– Әңгіме

– Ертегі

– Поэзия


Байқаудың мерзімі: 

Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та жарияланады;

Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке мәліметтерді толтырып, бір файлға жүктеп, miyaal@mail.ru электронды поштаға 2022 жылдың 10 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет; 

– Байқау шығармалары – 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;

– Байқау қорытындысы – 2022 жылдың 16 желтоқсан айында 

жарияланады;


Шығармаларға қойылатын талаптар: 

1. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.

2. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman 

қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Жеңімпаздарды марапаттау: 

Жеңімпаздар үш бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орындар мен ынталандыру 

сыйлықтары бойынша марапатталады. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 

қаңтар айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпарат @_rytm_academy инстаграм парақшасына жарияланады.

Жаңалықтар

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ ти...

Жаңалықтар

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту...