Әжетханада оқушыны ұрып өлтірді

Сурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
425

Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын соққыға жығып, бір оқушы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Марқұм баланың туысының айтуынша, көшедегі әжетханадағы төбелесті тоғызыншы сынып оқушылары бастаған. Төбелес кезінде сегізінші сынып оқушысы кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алып, есінен танып, бірден көз жұмған.

«Жоғары сынып оқушылары оларды жеке-жеке ұрған. Төбелестен кейін бәрі қашып кетті. Барлығы сырттағы әжетханада болған (мектеп ішіндегі дәретханалар жабылған)», – дейді марқұм оқушының туысы.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, оқиғаны білген полицейлер бейнебақылау камераларын тексере бастаған.

«Студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мектеп басшылығы мен педагогикалық ұжымға қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады бейсенбі күні Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Үкімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен жабдықтау жүйесі...

PESTEL

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқ...