«Ең әуелі сөз болған» дейді ғой. Сол сөздің өзі ғажайып үнмен төгіліп, сыңғыр ете қалған...
«Көшпенділер әуені» VI Дәстүрлі әншілердің республикалық байқауы басталды
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Номад Life өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының қолдауымен «Көшпенділер әуені» VI Дәстүрлі әншілердің Республикалық байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – қазақтың халықтық кәсіби музыкасын, аспаптық және вокалдық өнеріне қолдау және дамыту.
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Біржан Хасанғалиев, «Номад Life өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Алматы өңірі бойынша директоры Ұзақова Мансия Разханқызы байқауға қатысушы талантты жастарға құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тіледі.
Байқауың құрметті қонақтары – еліміздегі белгілі музыкалық оқу орындарының басшылары мен оқытушылары бар. Байқаудың қазылар алқасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәуле Жанпейісова, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, қауымдастырылған профессор Рамазан Стамғазы, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Халық әні кафедрасының меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі, Phd докторы Амангелді Күзеубай, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Гүлім Алшынова бар.
Қазылар алқасының төрайымы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филалогия ғылымдарының кандидаты, доцент Сәуле Жанпейісова байқауға қатысушы жастарға ақ жол тілеп, қонақ кәде ретінде ән орындады.