«Айбоз» төңірегіндегі шу. «Үздік аударма» номинациясы бойынша талаптар неге сақталмаған?

ӘДЕБИЕТ
2002

Биыл Республика бойынша «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығына үздік шығармаларға байқауы жарияланып, кеше ғана мәресіне жеткені баршаға белгілі. Енді осы бәйгенің «ҮЗДІК АУДАРМА» номинациясы бойынша  қатысушылар мен әдебиетші қауым ішінде «Басында қойылған талаптар неге сақталмайды?» деген дау өршіп тұр. Ол жайында белгілі аудармашы Баян Хасанова өзінің facebook парақшасында жариялады. madeniportal.kz ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілетін жауап болса, оны да жариялауға дайын.



Автор «Жеңілгеннің сөзі көп демеу үшін... «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығына, кәсіби және әдеби аудармаға, Сайыстың талаптарының жайына қалғанына қатысты айтарым бар!», - деп жазды аталған жазбасында:

Біріншіден:

«Үздік аударма» номинациясы бойынша мынадай талап болды:

«Аударма еңбектің авторы авторлық құқық иесімен (автормен, автордың заңды мұрагерімен, авторлық құқық иеленуші баспа мекемесімен) келісім-шарттың болуы МІНДЕТТІ» делінген. 

Бұл шартқа сай жалпы халық игілігіндегі (public domain) шығармалар байқауға жіберілмеуі қажет еді. Оны қабылдайтын болса, неге сайыс талаптарында анықтап тұрып көрсетпеген? Неге ұйымдастырушылар жоғарыдағыдай ереже жазып алып, өздері орындамай отыр? Неге сөзінен тайқыды? Неге біз сияқтыларды баспаның алдында, құқық иеленушінің алдында кіріптар етіп, ҚҰҚЫҚ САТЫП АЛУҒА соншалықты қаражат жұмсауға мәжбүр етті? 

Екіншіден: 

Бұл енді таза аударманың кәсібилігіне қатысты.

Кез келген туынды түпнұсқа тілден аударылуы тиіс. Ал орыс тілі арқылы аударылған шығарма мүлде АУДАРМА ретінде қарастырылғаны - қазылардың немесе ұйымдастырушылардың біліксіздігі. Жеңімпаздың кәсіби шеберлігіне тіл тигізбеймін. Осы байқаудың нәтижесін күтіп жүрген қауымға ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР жеңіске жеткен шығарманың түпнұсқа тілден аударылғанын дәлелдесін! 

Ал егер ол шығарма орыс тілінен аударылған болса... Тіпті сайысқа қабылдағанының өзі үлкен ҚАТЕЛІК! 

Біз неге 21-ші ғасырда әлемге әлі күнге ОРЫСТЫҢ көзімен қараймыз? Кітап аударумен бірнеше жыл айналысқан аудармашы ретінде ағылшын, неміс, француз, кәріс, жапон, қытай тілдерінен тікелей аударатын елімізде талай маман барын өте жақсы білемін.

Үшіншіден:

Мемлекеттің қомақты қаражатына осындай ауқымды байқау өткізген ұйымнан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде кәсібилік талап етуге қақым бар. Қазылар алқасының құрамын енді жариялауға болатын шығар. Мынаны білгім келеді. Қазылар құрамында келіп түскен аудармаларды бағалауға кім жауап берді? 

Ол:

– аударманың «ТЫҢ» шығарма болуын (Мәдениет министрінің осы байқау ұйымдастырылған кезінде сөйлеген сөзінен үзінді келтіріп отырмын) қадағалады ма?

– Аударылған шығарманы түпнұсқа нұсқасымен салыстырды ма? (Қазырлар алқасында «Үздік аударма» номинациясына жауап беретін өкілдің ағылшын, неміс тілдерінен аударылған шығармаларды салыстыруға, мағынасына сәйкестігін тексеруге біліктілігі жетеді деген үміттемін) 

– Жалпы байқау шарттарына сәйкес кез келген аударманың түпнұсқа тілден аударылғанын анықтады ма?

– Автормен, авторлық ұйыммен, баспа өкілімен келісім шарты бар-жоғын тексерді ме? 

Білдей бір Мәдениет министрлігінің Мемлекеттің ауқымды қаражатына осындай байқау өткізе отырып, айтылған талаптардың сақталғанын тексеріп-тексермегенін байқауға қатысушы ретінде де, ҚР азаматы ретінде де талап етуге қақым бар. Солай емес пе, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Министерство культуры и спорта РК?

Сұрақтардың жауабы көп күттірмейді және дәлелдермен, дәйектермен беріледі деп күтемін!


Жаңалықтар

Иранда студент қыз көшеде киімін шешіп тастады, деп хабарлайды madeniportal.kz Sputnik.kz сайтына сі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында жоғалған балықшы көл жағасында ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды mad...