Ғазиз Құнапия. Тіл білімінің күрделі саласының бірі – алтайтану

ТАРИХ
2935

«Мәдениет порталы» редакциясы зерттеуші Ғазиз Құнапияның «Алтайтану» атты еңбегін жариялауды жөн көрді. Тарихи сананың тың жолын қалыптастыру, бұрын бұрмаланып келген замана шежірелерін терең зерттеп, жас ұрпаққа ұсыну – әр ғалымның міндеті болмақ. 



Кіріспе

Жалпы тіл білімінің күрделі саласының бірі – алтайтану. Алтайтану –  туыстас, төркіндес деп аталатын түркі тілдері; монгол тілдері; тунғус-мончур тілдері; жапон тілдері; корей тілдерінің  шығу тегін, туыстық қатынасын, даму барысын, кең көлемде салыстырмалы түрде зертейтін жалпы тіл білімінің дербес саласы. Алғаш XVIII ғасырдың басында алтайтанудың негізін Ф. Страленбергтің «Европа және Азияның шығыс бөлігіі» деген мақаладан бастау алған алтайтану «бір тектен болған», «жоқ олай емес» деген көзқарасты пікірлер алтай тілдерінің тарихын обьективті зертеуді  екі ғасырдан астам уақтытпен шегеріп келді. 

Алтайтану мәселесін қозғаған үлкен сипозим, конфренцияларда алғашқы айтылатын беташар әңгіме төркіндес, туыстас жөніндегі бірсыпра ғалымдардың екі тарапта көзқарастары және олардың аты-жөні ғылыми атақ дәрежесі айтылады да, ары қарай бірыңғай қазіргі тілдік тұрғыдан талданады. Соңғы бір зертеу, талдаулардың нәтижесі төркіндес. туыстас  тілдердің тілдік материалдарын тарихи процесстермен ұштастыра салыстырудың нәтижесінде олардың фонатикалық, лексикалық, грамматикалық қабаттарында ортақ тілдік элеменнтердің бар екені анықталып, «алтай тек тіл теориясы» тиянақталды. Осы тұрғыдан алғанда, «алтай тектіліктер» деп аталатын бір шоғыр тілдердің бастауы адамзат бастауымен бір денгейде жүрді дегіміз келеді. Осы жобалық жұмыстың алға қойған мақсаты алтайтану мәселесін кешенді талдау және зертеу болмақ. Жұмыстың ауқымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім алтай тектілердің азамзат бастауымен қатар жүрді, бір уақыт пен кеңістікте болды деп көріп, олардың миллиондаған жылдардағы тарихи іздеріне қысқаша шолу жасай отырып, олардың ортақтық белгілерін ғылыми негізде айқындау. 

Енді бір жағынан Б.Базылханның «Алай тектілер теориясына» негізделген алтай тектілдік ерекшеліктерді тарихи кезеңдермен ұштастыра зертеудің натижесінде бүгінде алтайтануда макро тілдер санатына жататын түркі тілдері, монгол тілдер, жапон тілдер, корей тілдердің тарихтың бастауында бір текте болғаны айқындау. Бүгінде бар осы тілдердің тілдік элементеріндегі кейбір жеке сөздердің бір болғанын тарихтың бастауындағы кезеңдермен немесе «алтай тектіл теориясымен» (ым тіл және келте сөз дәуірімен) реконструкцияланды. Мысалы; қар,қара сөзінен болған қазіргі түркі және монгол тілдерінде Б.Базылханың айтуы бойынша түркі тілдері мен монгол тілдерінде осы түбірден жасалған 260- дай сөз бар екен осы түбір сөздердің 240-тай сөздердің мағынасы да, тұлғасы бір дегенді айтыпты.() қара сөзі түркі тілдерінде gara; монгол тілінде хар; жапон тілінде kuro;  корей тілінде geom- eunsaeg дейтін болса, ал мал сөзі бүкіл түркі тілдерінде және монгол тілінде еш өзгеріссіз мал қалпында айтылады. Жапон тілінде мал сөзі mazu; корей тілінде mal деп аталады екен. Бұл сөздерге алтай тектіл теориясымен ежелгі дәуірлерге реконструкциялайтын болсақ; қара сөзі ым тіл дәуірінде қа түбір морфэма р қосымша морфэма болып келген. Ал, келте сөз дәуірінде жалғау жұрнақсыз түбір сөздердің пайда бола бастаған десек, қара сөзі қар, қара, хар, хара форматта болған деп қарап көруге болады. Мал сөзі ым тіл дәуір кезінде ма түбір морфэма л қосымша морфэма болған. Келте сөз дәуірінде жалғау жұрнақсыз мал форматында болды деп көруге болады. Осылайша алтай тектілердің ежелгі кезеңдердегі бір неше сөздері айқындалып реконструкция жасалды. 

Келесі бір айтылатын мәселе алтай тілдердің ортақтастығын жалпы ғылыми тұрғыда ғылымның бір неше саласымен байланыстыра айқындау болмақ олар; физиологиялық, генологиялық, антропологиялық, және лингвистикалық ерекшелгін қарастыра отырып алтай тілдерін айқындау болады. Келесі бөлімде айтылатын дүниелер алтай тектілдердің көш-керуен қоныс аударулары осы негізде жеке тілдер болып жіктелісі және өркениет негіздерінің бастаулары сарапталады. Осы жұмыстың соңғы бөлімінде қазіргі алтай тілдерінің өз ара грамматикалық сараптаулар мен салыстырмалы талдаудар болып келеді.

Осы бір жұмыстың алғашқы бет ашарын бүгінде оқырмандардың көңілінен шығып жүрген кезіндегі ғылым-білім, мәдени танымдық газет-журналдардың міндетін бір өзі атқарып отырған «Мәдениет» парталының оқырмандарына ұсынып отырмыз, көпшіліктің пікір тілектерін қабылдай отырып, көңілден шықпаған күпті пікірлерді де ескеруге әзірміз.



БІРІНШІ БӨЛІМ

АДАМЗАТТЫҢ БАСТАУЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АЛТАЙ ТЕКТІЛЕР

Адамзаттың алғаш жер әлемде пайда болуы ғалымдардың пайымдауынша тарихи ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі деп көреді. Бұл процесс миллион-миллион, милиард жылдармен есептесіні шындық. Неше милиадтардың межесінде тіршілік атаулыдан алғаш бір клеткалардың пайда болуы жаратылыстың тіршілік атаулының пайда бола бастағанын меңзейді. Ал, адамзаттың пайда болу межесін ғылымда  1миллион 700 мың жыл бұрын болған деп айтылады. Жалпы адамзат, тіршілік атаулының өсіп, өну үшін оларға жер бедеріндегі ландшпфты табиғи ортаның қолайлы болуы шарт. Осы жағдайда алғашқы адамзатқа жер бетіндегі шектеулі геологиялық-географиялық аймақтар ғана өніп, өсіп, жетіліп қалыптасуына мүмкіндік береді. Геолог-тарихшы доктор профессор Ә.Байбатшаның айтуы боиынша жер бетіндегі тіршілік атаулыға өсіп, өну үшін жер қойнауындағы геологиялық процесстер мен энергиялық жай күйлерге ғана тікелей байланысты дегенді айта келіп, адамзаттың пайда болып олардың өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жер әлемнің кез келген нүктесінде бола бермейді дегенді келтіріпті. Ал, XIX ғасырдың басында Рессейде өмір сүрген ғалым М.Ф.Неструх: «Ежелгі адамдар маймылдан жаратылса, олардың пайда болуына қолайлы жағдай тек Орта Азияда ғана болу керек»- депті.() Ғалымдардың пайымдауынша Қазақ жері  адамзаттың пайда болған бір нүктесі екені айтылады. Жер әлемдегі адамзаттың пайда болған жер кіндіктерін атар болсақ: Шығыс Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалы, Шығыс Азияның Ява аралы.  Ал, үшінші бір нүкте Орта Азия Қазақстан жеріндегі Қаратау Арыстанды өзенің бойы деп көреді.() Жер бетіндегі алғаш пайда болған адам туралы ақпарат алғаш 1959-1963 жылдардағы ғалымдардың археологиялық зерттеу жұмыстардың нәтижесінде айтылды. Жоғарда атап айтқан Олдувай шатқалынан табылған адамның жас шамасы 1 миллион 750 мың жыл шамасында, миының көлемі 652м3 болған екен. Одан кейін Ява аралынан табылған алғашқы адамның жас шамасы 1 миллион жыл, миының көлемі 1075 м3 және тік жүретін адам болған. Оны тарихи ғылым тұрғысынан «питеккантроп» деп аталды. Ал, Қазақ жерінде әзірге адам қаңқасы табылмағанмен олар мекен еткен тұрақтар Онтүстік өңірдегі Қаратау жотасы Арыстанды өзеннің бойы, Батыс Қазақстан Маңғыстау өңірі Каспи теңізі Сарытас бұғазынан табылған жәдігерлерді қазақ жерінен табылған алқашқы адамдардың іздері деп көреді. Бұған негізгі дәлел осында табылған тұрақтардағы ежелгі адамдардың енбек құралдарын Шығыс Африкадағы тұрақтардан табылған еңбек құралдармен салыстырғанда уақыт жағынан бір деңгейде екені анықталыпты.

Бұл жерде, тарих ғылымы тұрғысынан осылай айтылғанмен осы бір адам тектестер Орта Азияның оңтүстігі  Қазақстан жері Қаратау «Арыстанды» деген өзен бойында алғаш бір шоғыр үйір пайда болып, сан  жылдар таруынан кейін тек бір текті нәсіл «Алтай тектілер» болып өсіп жетілді деген пікірді біз алға тартамыз. Алтайтану мәселесінде туыстас, төркіндес тілдер яғни түркі тілдері, монгол тілдері, тунгус-манчур тілдері, жапон, корей тілдерін жоғарда атап өткендей «туыс» және «туыс емес» деген екі тарапты көзқарастар көп жылдар бойында айтылып келді. Осылай болғанымен алтайтанудағы соңғы зертеулермен талдаулардың нәтижесінде «Алай тек тіл теориясы» тянақталды. Бұл теорияның негізін қалаушысы – атақты алтайтанушы доктор профессер Базылхан Бұқатұлы. Б.Базылхан жалпы лингивистикада бар тілдердің алғаш пайда болуындағы айтылатын «дыбысқа еліктеу», «одағай», «қоғамдық шарттасу», «еңбек айқай» теориялардың өзіндік қателіктерін санамалай келіп, И.П.Павловтың «екі сигнализация» теориясына тоқталады. Ғалымның айтуы бойынша алтай тектілердің ортақтығын анықтауда екі жағдайды басшылыққа алуды жөн санапты: біріншісі – алтай тектілердің тілдік тарихын адамзат тілінің пайда болған тарихи дәуірлермен ұштастыра зертеу, екіншісі – алтай тектілердің ортақтастығы және тілдік жіктелісінің тарихи негізін айқындау депті.()

Осы негіздерді алға тарта отырып, қазіргі қазақ жерінде ежелгі заманан бері өсіп өніп, жаңа дәуірге жетті деген осы тектілерді «алтай тектілер деп айтпастан бұрын тарихи тұрғыда «алғашқы адамдар» деп атаған дұрыс сияқты. Себебі олар алғаш пайда болған кезеңнен бастап саналы адам дәрежесіне жеткенге дейін өте ұзақ миллиондаған хроникалық дәуірлердің өткені белгілі. Осыдан келіп, қазақ жерінде алғаш пайда болған ежелгі адамдардың тілдік кезеңге жеткенге дейінгі тарихи эволюциялық даму жолдарын қысқаша сипаттап өтуді жөн көрдік.

Ғалым Ж.Таймағамбетов қазіргі қазақ жеріндегі ежелгі тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдарды олардың тұрақтарынан табылған мәдени жәдігерлерді саралай келіп, қазақ жерінің әр үш аймақта атап айтсақ; Оңтүстік Қазақстанда – Қаратау, Жетсу; Батыс Қазақстан – Маңғыстау, Мұғалжар; Орталық Қазақстан – Сарыарқа, Балқаш маңында өмір сүрген деп тұжырым жасайды. Осы тұрғыдан келгенде қазақ даласындағы алғашқы адамдар саң ғасырлық бұралаң, шырғалаңды бастан кешіріп отырып, жаңа дәуірге жеткені белгілі. Ғалым Ә.Байбатшаның айтуынша палеолит – қазақ даласының төл перзенттері өмірге келіп, табиғаттың қиын да күрделі кезеңдерін бастарынан өткеріп өркениетке жол салған жауапты кезең. Алғашқы адамдар батыстық ғалымдардың айтып жүргендей басқа жақтан ауып келген жоқ, алғашқы кезеңдерде алғашқы адамдардың жолсыз, жөнсіз жүре беруіне мүмкіндік те, қажеттілік те жоқ еді. Жер бетінде алғашқы адамдар бір – біріне байланыссыз, тәуелсіз жер бетінің бір неше кіндігінде осыдан кері санағанда 2-1 миллион жылдар шамасында пайда болған дегенді келтіріпті. 

Қазақ жерінде пайда пайда болған алғашқы адам жөнінде ғалымдарда керағар екі көзқарасты пікір бар; біріншісі – қазақ жеріне алғашқы адамдар Европадан, Азиядан және Сібірден келген.Олар аң аулаған, жейтін өсімдіктер жинаған, тамақ табу үшін және жырқыш аңдардан қорғану үшін алғашқы тобырға біріккен, екіншісі қазақ даласындағы алғашқы адамдар осы даланың төл перзенттері табиғаттың күрделі климаттық кезеңдерде алқашқы адамдардың жолсыз, жөнсіз жүре беруіне мүмкіндікте, қажеттілікте жоқ еді дегенді келтіреді. Осы пікірлерді сарай келгенде бірінші пікірден қарағанда, екінші пікірдің материалдық деректері айқындау болып келеді. Қазақ жеріндегі алқашқы палеолит Арыстанды және Ашель деген атпен тарихта белгілі. Арыстанды мәдениетінде алғашқы адамдар палеолиттің бастапқы кезінде пайда болды. Қаратау жотасы Арыстанды өзеннің бойындағы тұрақтан табылған тастан жасалған еңбек құралдарын 1968 жылы ғалым Х.Алпысбаев пен Н.Костенкодар тапқан. Осы жәдгерлерді архелог ғалым А.Медоев жан-жақты саралап зертей келе 1982 жылы Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған гоминидтермен салыстыра геологиялық арнайы әдіспен зертеу жүргізгенде олардың пайда болған кезеңдері бір деңгейде болғаны анықталыпты. Ғалымдар бұл жағдайды «Арыстанды» деген атпен ежелгі тарихымыздың бет ашары болды дегенді алға тартады. 

Жалғасы бар

Жаңалықтар

Астана тұрғындары интернет-алаяқтарға 3 млрд теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...