ТАуға апарар жол. Финляндия. Автор: Мовсисян ТигранКөзім ілініп кеткен екен. Бағанағыдай е...
Үміт Зұлхарова. Депутаттардың «Мақұл-мақұл» ойыны
Депутаттардың таңдайлары тақылдады, Қазақ тілі туралы кезекті Заңды мақұлдады:
Парламент Мәжілісінің төрағасы:
– Мырзалар! Заң қазақтарға қолайлы болсын!
– Мақұл!
– Орыстарға да оңтайлы болсын!
– Мақұл!
– Қазақ бізді мақтайтын болсын!
– Мақұл!
– Орыстар да жақтайтын болсын!
– Мақұл!
– Тиімсіз жерлерін қысқартайық!
– Мақұл!
– Шалақазақтың тілін ұстартайық!
– Мақұл!
– Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін!
– Мақұл!
– Бірақ, обал ғой, орыс тілі де өлмесін!
– Мақұл!
– «100 пайыз қазақша» деп асыра сілтемейік!
– Мақұл!
– «Не көрсек те орыстармен бір көрейік»!
– Мақұл!
– Өлсек те бірге өлейік!
– Мақұл!
– Өзге ұлттарға шансты бір берейік!
– Мақұл!
– Көпұлтты мемлекетпіз, өзге тілді алаламайық!
– Мақұл!
– Сондықтан, қазақ тілін тым артық бағаламайық!
– Мақұл!
– Міне, сонда боламыз қоғам зайырлы.
– Мақұл!
– Осымен тәмам, біраз тірліктің басын қайырдық.
– Мақұл!
Үміт Зұлхарова – сатира саласында қалам сілтеп, шығармаларына қоғамдағы келеңсіз жайттарды арқау етіп жүрген өткір тілді қаламгер. Назарларыңызға сатириктің бір топ еңбектерін ұсынамыз.
madeniportal.kz