Ә. Қастеев атындағы өнер музейі «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» жобасын ұсынады

МУЗЕЙ
845

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Samsung компаниясының қолдауымен «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» жобасын ұсынады. Ауқымды көрме мен керемет сыйлық басылым қазақстандық көрнекті өнер шеберлерінің жауһарларын – Қазақстанның жетекші өнер музейі коллекциясындағы кескіндеме, графика және мүсінді қамтиды. SAMSUNG компаниясы бірегей өнім – The Frame теледидарын және оның өнер туындыларын насихаттау мүмкіндіктерін көрсетеді.

2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан өнерінің 100 жауһары» альбомының тұсаукесері және көрменің ашылуы өтті.

90 жылға жуық тарихы бар Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде бірегей коллекция жинақталған. Қазақстанның өнер классиктерінің – графиктердің, суретшілердің, мүсіншілердің бейнелеу өнерінің үздік үлгілері еліміздің көркем мұрасының алтын қорына жатады. Музей коллекциясының 100 жауһары осы альбомға енгізіліп, көрмеге қойылып, ХХ ғасырдың басында пайда болған сәтінен бастап осы уақытқа дейінгі қазақстандық бейнелеу өнерінің ең лайықты туындыларын, негізгі есімдерін, эволюциясын ұсынды.

Кітап пен экспозицияның құрылымы Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсінінің танымал жауһарларын бейнелейтін үш негізгі бөлімнен тұрады. Әр блокта суретшілердің ұрпақтар сабақтастығы және дәуірдің, уақыттың, тарихтың негізгі тенденциялары көрініс табады. Әрбір туынды музей жинағының және жалпы қазақстандық мәдениеттің танымал бренді болып табылады.

SAMSUNG компаниясының қолдауымен жүзеге асырылған альбомның тұсаукесері мен көрменің ауқымды жобасы Қазақстанның өнер классиктерінің 100 жауһарын қамтиды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған және музей коллекциясының мақтанышы мен еліміздің көркем мұрасының үздік үлгілерін ұсына отырып, қазақстандық өнердің жоғары жетістіктерін көрсетеді.

Экспозицияны 2023 жылдың наурыз айының аяғына дейін тамашалауға болады.


 Катерина Резникова, өнертану кандидаты

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...