Сәкеннің «Ақан серісі»

МУЗЕЙ
1737

Биыл қазақ ән өнерінің майталманы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай, ұйымдастырылатын мерейтойлық іс-шаралар легінің шымылдығын Мәлік Ғабдуллин музейі ашты. 

27 ақпан күні Ақан сері мұраларын насихаттау, әншілік дәстүрін дәріптеу, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтарын ардақтау, Ақан серінің шығармашылық тұлғасын, адами болмысын Сәкен сері Жүнісовтің «Ақан сері» романы арқылы асқақтату және жас ұрпаққа ғибратты да сұлу ғұмырдан тағылым ұсыну мақсатында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыклық-драма театрының төрінде «Сәкеннің «Ақан серісі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. 

Кеш Сәкен сері Жүнісовтың «Ақан сері» романының желісі бойынша El Jastar Teatry-ның шағын прологымен басталды. 

Ақан серінің жалғыздығымен басталып, Сәкен сері Жүнісовтың өміріндегі «Жалғыздыққа» ұласқан әдеби-танымдық кеш қалың көрерменді баурай білді. 

Кешегі сал-серілердің жалғасы, Сәкен Сері Жүнісовтің қаламдас інілері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері Серік Жетпісқалиев, Құдайберлі Мырзабек, Ерболат Баят, Қуаныш Оспан, Бақытбек Бекмұратұлы секілді елге танымал ақындар Ақан серіге арналған өлеңдерін оқып, кештің шырайын келтірді. 

Музей қызметкерлерінің күшімен жинақталған Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде Көкшенің көрнекті тұлғаларының бірі Сәкен Жүнісовтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей туралы бейнеролик пен Қазақстан ұлттық арнасы түсірген 1996 жылғы Сәкен Жүнісовтың  сұхбаты кештің мазмұнын ашып, әдебиет сүйер қауымның Сәкен серіге деген сағынышын басты. 

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филормонияның дәстүрлі әншісі Сақтағанова Жанар, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің әншілері Әлібеков Диас Ақан серінің «Майдақоңыр», «Ақтоқтының аужары», «Балқадиша» сияқты әндерін асқақтата орындады. 

Іс-шара Төлеген Амановтың орындауындағы «Шырмауық» әнімен және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәлік Ғабдуллин музейі директоры Мерген Тоқсанбайдың Ақан серіге арналған «Ля-минор» өлеңімен қорытындыланды. 

Кеш соңында көпшіліктің атынан жазушы, журналист, қоғам қайраткері, музей жанашыры Жабал Ерғалиев жылы лебізін білдіріп, музей ұжымына алғысын білдірді.

Мәдениет порталы

author

Сәкен Жүнісов

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков оқырманына зәулім үйін сыйға тартады, деп хабарлады madeniportal....

Жаңалықтар

24 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлады madeniportal.kz. Ұлттық банктің дерегі...