Нұрхалық Әбдірақын. Әдебиеттің сиқыры

ӘДЕБИЕТ
4014

(Әңгіме)

Сенбінің кеші. Дымқыл ауа, бөлме іші ыстық болғанымен дала суық, күн де мұнар, түн де мұнар, қыздар жатақханасының алдында ертеулі аттай жер тарпыған жігіттер қыз тосып, сағаттап тұрады. Терезеден қарап қойып, сағаттап шашын тарған қу қыздар жұрт жатып, ел аяғы басылсын дейме, жоқ әлде, өз қадірін сол арқылы артырғысы келеме, айтеу, асықпай кербездене, ұзақ күттіріп найқала басып сыртқа шығады.

Жып-жылы аудитория, басқа мен ісі жоқ Болат жалғыз өзі кітап оқып отыр. Ауылдан жаңа келіп, әкесінің бітпейтін қара жұмысынан әзер құтылып, енді бір арқамды кеңге саламын ба дегенде ағайының «Абай жолын оқымаған қазақ-қазақ емес» деген сөзінен қатты ұялып, партаның астына кіре жаздаған. Сол сөзден бері Болаттың демалыс күндері осылай өтеді. Төрт томды толықтай оқып шықты. Өзіне «пұт» жасап жүрген қазағының ит өмірін, топастығын жете таныды, ағайын ара алты бақан алауыздығын, ру ара дойырлығын біліп, өзінің қазақ болып туғанына қатты өкінді, Сары молданың соңғы тағдырын оқып, өз дінінен безе жаздады... 

Романдағы қолаң шашы иғына төгілген Тоғжан қыздың қылықты бейнесі, шолпысының сыңғыры... Абай, Ербол екеуінің қарағайлы сайда түн жарымда ұзатылғалы тұрған бөтеннің жары Тоғжанмен бірге болуы...бала Болатты белгісіз бір иірімдерге тарта бастады... Айналасындағы қыз біткенге шаһуатпен қарауды үйренді. Қызға қарауды жігіттіктің белгісі деп сезінді.

Кербез де сылқым Салтанат сұлу мен Абайдың бір бөлмеде екеуінің оңаша әңгімесін оқығанда Болат Абайға сондай қызықты. Абай мен Ербол Шүкіманның әсем әуеніне есі кете ғашық болып, құдалықты бұзып, Айкерім деп өздері ат қойып, тоқалдыққа алуына келгенде оның құлғына біреу «құры жүрме деп» сыбырлады... көкірегін бірдеңе қытықтай бастады...

«Қаралы сұлуды» оқыды, «бұл күйдің кінәлісі Болап қарат» деген жерге келгенде өзінің де денесіндегі жыландары ерксіз жыбыр ете түсті.... Жесірге жақындау «сауап» екену-ау деп түсінді. Әкесінің оқуға кетерде айтқан «бөтен қыз келе жатқанда төмен қарап өт» деген сөзін мүлде есінен шығарды.

“Қорғансыздың күнін” оқып өзін қоярға жер таппай кетті, орнынан атып тұрды.... сол сәтте тобындағы екі қыз алқына кіріп келді.

– Болат сенің болғаның қандай жақсы болды.

– Не болды?

– Көмегің керек, барғанда көресің, тез жүрші.

Талдың арасында талықсып жатқан өз тобындағы Айманды көрді. Ащы судың исі алыстан бұрқырайды. Әдемі қыздың талдырмаш денесі жансыз... арқасына салды, бір түрлі күлімси иіс бұрық етті, көтеріп жатақханаға апарды. Сенбінің кеші. Қыздар жатақханасының алды. Ертеулі аттай жер тарпыған жігіттер қыз тосып тұр.

Жып-жылы аудитория, басқа мен ісі жоқ Болат жалғыз өзі кітап оқып отыр.

Келе сала «Кінәмшіл бойжеткенді» оқыды... Алып денелі палуанның шынтақтай қызды... деген жеріне келгенде оқып отырып, ауынан жылбырап жылы судың шыққанын сезбей қалды... Айманнан сезген күлімси исті енді өзінен сезді. Қарадай шекесінен шылқып тер шықты. Өзі қазір ғана арқалаған Айман есіне түсті, төсегінде сол түн мазасыздана аунақшып зорға көзі ілінді. Түсінде бірде кінәмшіл бойжеткенмен, бірде Айманмен аймаласты, таң ата басы ауырып, бойдан кетіп зорға оянды. Сол күннен бастап Айманға “қақпан құруға” ниет етті, онсызда ол «анадай қыз сияқты» дейді өзіне өзі. Оған жақындау үшін ащы су ұрттау керек, болмаса оны қалай...

Қызға жақындауды ерлік деп санады.... Бір бөлмедегі жігіттердің қызға қырындауды «нағыз еркектік» деп мақтана айтатынын естіді. Өзінің осы күнге дейін құры жүргеніне өкінді.... Жігіттер әдебиетке әуестену жолымен дүниеде өз даңқын шығарғысы келсе, қыздар әдебиетке еліктеп дүниені баурап алғысы келеді.

*   *   *

«Қожалық» істеп қазақ арасында бала оқытып, сіңген Болаттың әкесі түнде түс көрді... ертемен тұрып баласына хат жазды...

Ақ қағаздың алғашқы бетіне «зинаға жақындама» деп жалғыз-ақ ауыз сөз жазды. Екінші беттен бастап мына жолдарды жалғады... Некесіз бөтен қызға «жақындау» үлкен күнә, еш туыстық қатынасы болмаған қызбен жігіт оңаша бөлмеде қала алмайды. Егер қалса сол сәтте шайтан малғұн келіп, қыздың да ұлдың да құлағына сыбрлап үлкен күнәға шақырады, бәрін жеңілдетіп көрсетеді. Ерік қалауына қисапсыз күш бітіреді, адам өзін ұстай алмай қалады.

Солай «зина» деген ең үлкен күнә жасалады. Зина жасаған адам кедейлікке ұшрайды; бетінің нұры тайып жүзінен шаң шығады; өмірі қысқарады. Балам сен менің өмірімнің жалғасысың, аз сөзді, көп ойланатын, көркем мінезді бол! Абайдың өзі жазғанға бойла... 

Абай намаз оқымады дегендер қатты қателеседі, 12-ші, 13-ші, 16-ші, 27-ші, 8-ші, 34-ші, 35-ші, 38-ші, 45-ші қара сөзінің барлығы да оның намазда терең ойға шомып, Алланы жүректе зікір еткенінен туған. Оны тек намаздағы көкірек көзі ашылған тақуалар сезеді. Алаш арыстарының рухымен үндес шамаң келсе...Абай аңсаған толық адамдар сол. Соңы. Пайғамбарымыздан кейін сені жақсы көремін балам. Сенің тірегің әкең Оқас қажы. 28.11. 1991ж әдемілеп қолын қойыпты.

Өзінің қазіргі хәлін білген әке хатына Болат таң қалды... Көзіне жас алды.

*   *   *

Болат бір жексенбі тыныш жатып өзімен өзі сөйлесті... Күнадан қайтуға серт етті....жылады... Бала кезінен әкесі «әлип, бә, тә, ца» деп қара танытып, намазын оқытып, Құранды түп нұсқада оқитын халге жеткізіп қойған болптын. Бір дауыс оны таң ата намазға оятты, сол күннен бастап Болат намазын еш қаза жібермейтін нағыз тақуаға айналды, білімі де күннен күнге молайды, ең үздік студент атанды....

Болат Мағжанды түсінде көрді, «батады ай, батады ай, менде батам... өмір дала сен бір бала... тілін ұқсаң жел жылар»... деген өлеңін ұзақтан ұзақ оқыды... Артынша барлығы намазға тұрды, имамдыққа Шәкәрім келді басына сәлдесін орап, оның артында Абай тұрды... Болат артына қарағанда өзі танымайтын сан мыңдаған тақуа қазақтарды көрді...

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...