Зейнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтеді

МУЗЕЙ
760

18 қарашада, сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде танымал археолог, т.ғ.д., профессор Зейнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтеді.



Мерейтойлық іс-шара сағат14:30-да «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуымен басталады.

Сағат 15.00-де «Дала қорғандарының құпиялары»атты көрменің ашылуы өтеді. Экспозицияда Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады. Көрменің мақсаты– Қазақстан және алыс шетелдерге белгілі археолог З.Самашевтың қазақ археологиясына қосқан теңдессіз үлесін насихаттау мен оның ғылым жолындағы ашқан жаңалықтарын келешек ұрпаққа таныту.

Сонымен қатар,15:30-да «Қазақстан археологиясының өзекті мәселелері: ескерткіштерді зерттеу, қорғау және музеефикациялау» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға ғалымдар, тарихшылар, археологтар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері З. Самашев  300-ден аса ғылыми  мақала мен 20-ға жуық ғылыми монография авторы. Ғалымның археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозицияларын толықтырып тұр.


БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі: БАҚ өкілінің аты-жөні (жеке куәлігінің №, ЖСН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы); Түсірілім барысында қолданылатын техника жөнінде маркасы көрсетілген (камера, фотоаппарат) мәліметті тізім бойынша nmrk.muzei@mail.ru поштасына жіберу қажет.

Аккредитациядан өту уақыты:18 қараша  күні сағат 12:00-ге дейін.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...