Рауан Қабдолда. Қалай ғашық болмайды ақпанға адам?!

ӘДЕБИЕТ
2747

АҚПАН

Бар тірлікті ұлпамен мақпалдаған,
Қалай ғашық болмайды ақпанға адам?!
Аймалайды шығармай құшағынан,
Ақ түтектен көрпесін жапқан далам.

Кіршіксіз – кірлемеген, тапталмаған,
Қалай ынтық болмайды ақ қарға адам?!
Саябақта сәл тоңған ерініңнен,
Сөздер жауып тұрушы ед(і) жатталмаған.

...Бүгін ойлар тура жол тапқан ұдай,
Тоң болып қатып жатыр ақтарылмай.
Көңіл нәзік, күн шықса еріп кетер
Жотадағы ақпанның ақ қарындай.

Ақын сызып өлеңін аппақ таңға,
Бедеу жырын арнайды ақ ақпанға.
Құмартқан Жан қия алмай сиынады
«Он екі ай ақпан қыл!» деп жаратқанға.

Мәдениет порталы

author

Рауан Қабидолдин

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...