«Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклі оңтүстікке сапарға аттанады

ТЕАТР
2347

Мәңгілік тақырыпқа айналған махаббат мәселесі талай тұлғаның болмасын шығармашылығының шыңырау шыңында тұр. Өз кезегінде талай ғашықтардың өзегін жарған, жастық жалынын жеткізген, жанын тербеген кітаптың бірі «Махаббат, қызық мол жылдар» атты мөлдір махаббат оқиғасы. Көптің көкейін түрлі сауалға тіреген шығарманың әрбір кейіпкерінің өз ақиқаты бар. Сонысымен сыршыл әрі сезімге толы. Әзілхан Нұршайықов Ербол мен Меңтай арқылы екі саналы адамның сана биігінде жолығуын ғана емес, жастарға үлгі етердей қасиеттерді өлшеп піше отырып, жас ұрпаққа жарасымды етіп ұсынған. 

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры өнер өркениетін дамытуда көш бастап келе жатқан тарихы терең, тұғырлы театр. Аядай залына аяулы көрермендері ағыла келетін, билетті жапатармағай жабыла алатын бірден-бір театр деп атасақ артық емес-ті. Жастармен жарыса жұмыс жасайтын режиссер Ф.Молдағали «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымының тұсауын кескелі театрдан талғампаз көрермен толастар емес. Патша көңіл көрерменнің ыстық ықыласы мен шексіз сұранысын ескере отырып, Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына орай ақпан айынан бастап еліміздің барлық қалаларын қамтитын «СЕЗІМ САПАРЫ» атты ТУР-СПЕКТАКЛІН бастаған болатын.  

Туындыны алғаш болып тамашалау Талдықорғандық көрермендерге бұйырды. Қала халқының қарасы қалың, қошеметі шексіз болды. Кәсіби актерлік құрам, үздік режиссерлік жұмыс сахнаны сан түсті бояуға бояп, сан түрлі сезімге сапар шектерді. Спектакль-турдың келесі бекеттері – тарихи Тараз, шырайлы Шымент және киелі Түркістан қалалары болмақ.

10, 11 наурыз – Тараз қаласында (А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры сахнасында) 

12, 13 наурыз – Шымкент қаласында (Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры сахнасында) 

14 наурыз – Түркістан қаласында (Түркістан музыкалық драма театры сахнасында) 

Бұл сапар сан қилы сезімге толы болары анық. Сөзімізге кезекті сапарда ұйымдастырылып отырған «Кейіпкер мен көрермен» кездесуі, турдың қай қалаға баратынын тапқан көрерменге тосын сый сынды тартулар күтіп тұр.  

Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды madeniportal.kz B...

Жаңалықтар

Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар бала жәбір көрген, деп хабарлайды madeniportal....