«...ОТЫЗ ТӨРТ ЖЫЛДАН СОҢ...» (ойсалар)

ТЕАТР
1286

Қазақ театр өнері жиырмасыншы жылдардың соңғы ширегінде барынша дамып, өскелең бейнесін көрсете алғаны өнерсүйер жандардың көбісіне-ақ мәлім. Тіпті драмалық шығармаларды шебер сахналап, тек өз топырағымызда ғана емес, Кеңестік кеңістікте де талай-талай сый-сыбағаны қанжығамызға байлағанымыз даусыз ақиқат. Бір ғана мысал: әйгілі жазушымыз Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы ізімен қойылған тарихи драма сол кездегі ең биік мәртебе – КСРО сыйлығын иеленгені де есімізде. Бұл ретте М. Әуезов атындағы академиялық драма театрымыздың атқарған қызметі қалай десек те қыруар, айтып тауыса алмас ұлы еңбек. Тіпті 1984 жылы Францияның Нанси қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне де «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен қатысып, ұлтымыздың рухани келбет- мәртебесін ұлықтаған да осы театр ұжымы болатын-ды. Бұны не үшін тілге тиектеп отырмыз? Мәселе мынада. Арада талай уақыт, дәлірек айтар болсақ, отыз төрт жыл өтіп кеткен екен, атағы жер жарған театр ұжымы содан бергі кезең ішінде алыс шетелге шықпапты, сапары жалғаспапты. Осы екі аралықта заман да өзгерді, егемендікке де қол жеткіздік. Оған да 27 жыл болып барады екен. Таяуда осы театр ұжымының тағы да сол әсем қалаға – Францияға сапарлап, «Қорқыттың көрі» қойылымын алып барғанын естігенде, қуанышымыз қойнымызға сыймай кетті. Міне, бұл жетістік! Міне, бұл ұлт қойылымын әлем көрермендері назарына ұялмастан-қысылмастан, батыл ұсыну! Қазақ театр өнерінің мерейін үстем ету жолындағы батыл қадам! Әттең... көкейде кетпей тұрып алған жалғыз ғана кермек ой – неге арасы осынша ұзап кетті екен?

Жолтай Әлмашұлының фейсбук парашасынан алынды.

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...