«Ән патшасы Шәмші» атты республикалық драматургия байқауы жарияланды

Фото интернеттен

ТЕАТР
544

Түркістан музыкалық-драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ән патшасы Шәмші» атты республикалық драматургия байқауын жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқаудың мақсаты көрнекті композитор, халық сүйіктісі, «ән патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың тұлғалық феноменін адами-шығармашылық болмысы арқылы ашу.

Конкурсқа қатысатын пьесалардың анық драматургиялық  құрылымы  болуы шарт, дейді ұйымдастырушылар.

Пьесалар 2024 жылдың 30 мамырына дейін қабылданады. Ал конкурстың нәтижесі 2024 жылдың 15 маусымында жарияланады.
Байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) ғана қабылданады. Сонымен қатар, пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы (шрифт Times New Roman-12) және turkistannewtheatre1@gmail.com  электронды поштасына  жолдануы керек.
Айта кетейік, байқауға түскен пьесаларды кәсіби Сарапшылар кеңесі сараптайды.

Жеңімпаз пьеса Түркістан музыкалық-драма театрында 2024 жылы сахналанады   және авторы 1 000 000 тг көлемінде қаламақы беріледі.

Анықтама телефоны – 8 (72533) 5-29-23

 

Спорт

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Нақтырақ айтсақ, бүгін дзюдо, бо...

Қазақстан

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы уч...