Ғазиз Құнапия. Алтайтектілердің негізгі ортақ белгілері және алтайтнау

ТАРИХ
2434

Алтай тектілердің негізгі ортақ белгілері. Адамзаттың бастауындағы алтай тектілердің тархи кезеңдердегі өсіп-өніп, дамып, саналы адам дәрежесіне дейін жеткені жоғарда айтылғандықтан алтай төркіндес тілдердің ортақтық негіздерін ғылыми тұрғыда айқындап алу қажеттілігі туындайды. Алтай тектілердің ортақтығына негіз болатын тарихи- археологиялық зертеулер мен талдаулардан басқа (жоғарда айтылды) ғылымның басқа салаларымен қарастыруға болатын дәлелдемелерді, яғни, физологиялық, антропологиялық, генологиялық, зертеулер мен анализ талдаулардың қортындыларын атап айтуға болады.

Физологиялық ерекшелік: Физологиялық ерекшеліктен атап айтар болсақ, адамзат алғаш пайда болған кезден бастап олардың даму сатысы өте ұзақ хроникалық дәуірлерден тұратыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде алғашқы алтай тектілердің дене организимдерінің жетілуінде ми көлемінің ұлғаюы ерекше қызмет атқарады. Алғашқы адам Шығыс Африканың Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан табылған адамның осыдан 1 милл 750 мың жыл пайда болып, ми көлемі 652 м/куб болса, Ява аралынан табылған адамның жас шамасы 1милл жыл, ми көлемі 1075 м/куб болғанын біз жоғарда келтіргенбіз.  Жалпы адамзаттың басқа тіршілік иесінен басты айырмашылығы И.П.Павловтың екі сигналзатция жүйесіне негізделген ілім бойынша адам алғаш пайда болғанда жануарлар дүниесіндей сезім мүшелері арқылы сыртан келген әсерді қабылдау соған сәйкес әрекет жасау болса, екінші сигналзатция жүйесінде жоғарда біз келтірген мидың ұлғаю процессінде ойлаудың физологиялық негізі пайда болады. Ал, сөз ойдың субектісі болғандықтан бірінші сигналдың қайтарма сигналы болып келіп, адамзатқа тән шындық өмірдегі екінші сигналдық жүйнні жасайды. Бұл- жалпы адамзатқа ғана тән құбылыс

Ал, алтай тектілердің сөйлеу мүшелері алқашқы адамзаттың жаратылу, даму ерекшелгіне қарай алғашқы кездерде, көмейі тар, қысаң, ерні жлақ, тілі келте болған. Сол кездерден кейін бірт-бірте даму барысында қоршаған ортаға бейімделген кезде олардың физологиялық өзгерістері қоршаған ортаға қарай үндеседі. Осдан келіп алтай тектілерде алғаш сөз пайда боларда сол кезден күні бүнгі күнге дейін басым бөлігі ұласып сақталған 8 дауысты дыбыс, 16 дауыссыз дыбыстар болған. Осы дыбыстардың тізбегінен бір буынды сөздердің алғашқы нұсқасы пайда бола бастады. 

Алғашқы сөздің нұсқалар кейіңгі өте ұзақ жылдардың эволюциялық даму барысында бір буынды, екі буынды, үш буынды толық сөздер пайда болғанда, жер әлемнің басқа нүктесңндегі адам тектілерге мүлде сәйкес келмейтін ерін мен езудің, тілдің жақтың қатысна қарай таңдай мен көмеймен айтылатын жуан және жіңішке дыбысқа үндескен сөздер пайда болады. Бұл ерекшілік тек алтай тектілерде ғана болған. Осы ерекшілікті тілдік код немесе ұлттық код деп айтқымыз келеді.

Антропологиялық ерекшілік. Жалпы адамзаттың алғаш жер әлемнің кіндігінде пайда болғанын Африкада, Қазақ даласында, Үндіқытайда табылған ежелгі адамдардың қаңқасының қалдықтары және олардың қолданған құрал-саймандардың негізінде, осыларға жасалған зерттеулер, анализ талдаулардың негізінде атап келеміз.

Алтай тектілердің түркі, монгол тектес тайпаларға алғаш арнаулы зертеу  жүргізген адам – ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Саян-Алтай түркілері» деген очеркін Георт Дебец өңдеу жасап, 1947 жылы Абаканда бастырып шығарады. Бұл зертеу жұмысында Саян-Алтай түркілері мен монголдарды антропологиялық тұрғыдан үш топқа жіктеп, кіндік азиялық, алтайлық, оралдық деп жүйелеген. Осы жүйе бойынша кіндік азиялық- монголдар мен буриядтар; алтайлықтар- қазақтар мен қырғыздар; оралдықтар- шорлар деп көрсеткен. Осылардың барлығын монголиод расасына жатқызған.

Георт Дебец, Михайл Левин бастаған ғалымдардың құрамында 1947-1948 жылдары қазақ жеріне арнаулы экспедиция шығарып, антропологиялық зертеулер жүргізген. Осы зертеулердің нәтижесінде қазақтардың антропологиялық типінің қалыптасуы қола дәуірде осы жерде мекндеген тайпалардан басталғанын көрсетеді. Ал, В.В.Гинзбург қазақ жеріндегі ертедегі тайпалардың антропологиялық зертеуіне сүйене отырып, осы күнгі қазақтарға тән антропологиялық морфология осыдан 800 мың жыл бұрын пайда болған дегенді келтіріпті.

Осы негізді алға тартып шығатын қортынды алтай тектілердің шыққан тегі, ортақ түп қазығы қазақ жері екені айқындалып тұр.

Генологиялық ерекшелік. Алтай тектілердің ортақдығын айқындауда ДНҚ генологиялық зертеулердің маңызы ерекше болмақ. Соңғы кездері осы бір ғылымның нәтижнсінде алтайтанудың даулы мәселесінде дұрыс қортынды жасауға септігін тигізеді деп олаймыз.

Жалпы генологиялық-ДНҚ жайында қысқаша айтар болсақ: ДНҚ-генологиялық зертеу – тір іклетка ядросында болатын дезоксирибо нуклейн  қышқылы молекуласының құрамындағы тұқым-тектік ақпарат қорын сараптайтын генатикалық дәйек тәсіл. Бұл нуклейн қышқыл қандай да болмасын тірі организим ұрпағының түзілімі, дамуы және жеке белгілері туралы биологиялық ақпаратты сақтап, оларды жаңадан пайда болған клетқаға (келесі ұрпаққа) бұлжытпай көшіріп отырады. Осының арқасында тұқым қуу қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады. 

Тұқымдық ақпарат ДНҚ-да сақталып, ядролық құрылым хромосомоларда жинақталады. Бұлардан «Ү» хромосома тек аталықтарда ғана болады. Олар тек әкеден ұлдарға ғана тарайды. Осның негізінде атадан тарайтын әулеттің барлығына бірдей элме-мент сақталады. Ал, клеткалар цитоплазмасында болатын аналық молакуланы «митоқондрриалд ДНҚ» (мт ДНҚ) дейді. Бұлар тек анадан балаға келесі буында жиендерде көшіріліп отырады.

Ал, алтай тектілердің ортақтығына дәлелел болатын генологиялық дәйек орыс ғалымы И.А.Захаровтың басшылығымен 1997 жылы Алтайдың теріскей бетіндегі тува халқына генологиялық зертеу жүргізгенде ДНҚ қорындағы клеткалар цитпоплазмасында болатын аналық митохондриалд түзілімді А,В,С,Д гаплотоптардың жилік жйынтығы Америка контенантағы үндістермен 72 пайз бірдей болып шығады.

Отандық этно-генатикалық аспектік мәселермен біраз жылдардан бері айналысып жүрген белгілі журналист ғалым Жарылқап Бейсенбайбайұлының 17.09.2012 жылғы «Дала мен Қала» газетінде жарық көрген «Түпкітүріктер тарихын тереңнен іздеу ләзім» деген мақаласында генетик ғалымдардың жоғардағы мақаладан кейін олардың назары Алтай төңрірегіндегі халықтарға ауғанын осының нәтижесінде тувалармен қатар жатқан алтай, хахас, шор, тофор, ойраттардан анализ алғанда аналық клеткаларындағы мт ДНҚ түзлімдегі үндістерге тән А, В, С, Д гплотоптары толық құрамда бар болып шықты. Бұдан өзге «алтай» деп аталатын жеке халықтық қауымның генефонт-ында үндістерде жиі кездесетін бірақ оны европтек деп жүрген аналық Х гаплотобы бар болып шықты. Бұл жағдай ары қарай терең зертеудің нәтижесінде Х гаплотобы үндістерді былай қойғанда түп нұсқаданда ерте болғаны айқындалыпты.

Осылайша алтай тектілердің ортақдық бір тектен болғаны ғасырдан-ғасырға ұласып сақталып жатқаны енді бір қырынан айқындалып тұр.

Алтайтану және оның зертелуі. Енді кезекте, алтайтану тіл білімінің дербес саласы ретінде айтылатын болса, ғылыми жүйелік принципі, зертеу методологиясы күні бүгінге дейін қалыптаспаған  ғылыми сала деп айтуымызға болады. Енді бір жағынан өзіндік ерекшелігіне қарай жеке пән ретінде  қарастырылатын негізі бар. 

Мұнда: тым ерте кезді қамтитын тарихи хроникалық дәуірлермен қатар жүретін табиғи ортамен ұштасатын тарихи даму сатысы бар; тек тілдердің айқындалатын ортақдық ғылыми негіздері бар; алтайтану ғылым ретіндегі зертеу обьектісі бар; алтай тек тіл теориясы оның ежелгі тарихпен байланысы бар; көші-қон қозғалысымен қатар жүретін тілдердің жіктелісі бар; сонымен қатар тарихи кезеңдермен бірге жасалатын жеке сөздердің реконуструкциясы, алтай тек тілдердің тарихи салыстырмалы зертеулерін қоса алғанда қазіргі тілдердің салғастырмалы, салыстырмалы граматикасын қарастыру керек. 

Алтайтанудың өзіндік зертеу обьектісіне айналып, әлем лингвистерінің қызғушылығын өзіне назар аудартқанына екі ғасырдай уақыт болды. Алғашқы алтайтанудың негізі Ф.Сраленберіктің 1731 жылығы «Европо және Азияның шығыс бөлігі» деген мақаласынан бастау алған деп есептейді. Осылай зертелуі тым ерте басталғанмен алтай тектілеріндегі ортақтық мәселесіндегі екі тарапты көзқарасты пікірлер ұзақ жылдар айтылып келді. Деседе алтайтану ғылымын алға қарай жетелеген өткен ғасырлардың басанда одан кейінгі кезеңдерде де айтулы алтайтанушы ғалымдардың еңбектерін жоққа шығара алмаймыз. Атап айтар болсақ: Н.А.Баскаков, Дж.Киекбаевтар Алтайтанудың бастапқы кезінің өзінде Орал-Алай тілдерінің жалпылық классификациясын жасап шығарды. Онда олар Орал тілдер тобы; Алтайлық тілдер тобы; деп екі үлкен топқа бөліп, Орал тілдер тобын; Фин тілдер тобы; Угор тілдер тобы; Самодин тілдер тобы; деп үш үлкен топқа бөліп, әр үлкен топ ішін ара әрқайсысы кіші топтарға бөлінеді. 

Ал, Алтай тілдеріне келетін болсақ: қазіргі алтайтануда айтылып жүрген бес тілге қарай жіктеледі: Түркі тілдері; монгол тілдері; тунғус-маньчур тілдері; жапон тілдері; корей тілдері; деп бес үлкен топқа бөлген. Бұлардан жапон мен корей тілдері ішін ара кіші топқа бөлінбейді, қалған үш үлкен топтың әр қайсы кіші топтарға бөлінеді. Түркі тілдері алты үлкен топқа бөлінеді. 

Түркі тілдері алтай тілдеріне жататын тілдерден ең көп кіші тілдерге жіктелетін тіл болып келеді. Бұл тілде кіші топтарының саны 32 кіші тілдерге бөлінеді екен. Ал, монгол тілін негізінде 9 кіші топқа бөледі, бұл тілді кейін монголтанушы ғалымдар Г.Д.Сажеев, Б.Х.Тодаева, Ш.Лусанвандан, Д.Төмөртогоо, С.Мөмөө қатарлы ғалымдар толықтырып жіктеген сияқты. Тунғус-Маньчур тілдері Тунғус тілдері деп 2 үлкен топ болып келіп, тунғус тіл эвэнк және нанай болып екі кіші топқа, ал маньчур тілдері тек ғана диелектикаларға  бөлініп келген. 

Немец ғалымы В.Шотттың Орал-Алтай тілдерін зертеп жүрген кезде эстон ғалымы Ф.Видеманда осы тілдер жөнінде «Чуд халықтарының ертедегі мекені олардың Орта Азия халықтарымен тілдік туыстығы туралы» деген еңбегін 1838 жылы неміс тілінде бастырып шығарады. Видеман бұл еңбегінде (Чуд халықтары деп Фин-угор халықтарын айтқан) Фин-угор халықтарының тілін Орта Азиядағы түркі, монгол, тунғус-маньчур халықтарының тілдерімен туыстығы бар деп көрген. 

Ф.Видеман өзінен бұрың ғұмыр кешкен Ф.Сраленбергтің енбектерін және замандасы В. Шотттың еңбектеріндегі Орал-Алтай тілдерінің жақындығын ары қарайда анықтай түскен. Негізінде алтайтанушы ғалым Ф.Видеманды Орал-Алтай тілдерінің ортақдастығын славян тілдерімен салғастыра отырып негізі алтай тек тілдеренің ортақтық негізгі жүйесін алғаш жасаған ғалым деп атап айтуымызға болады. 

Бұл жағдайда жағамалы тілдердің грамматикалық ерекшелік Орал-Алтай тілдеріндегі бар ортақ ерекшелік екенін көрсетіпті. Сонымен қатар славян тілдері немесе орыс тілімен салғастыруда олардың басты айырмашылығын; граматикалық род категориялар қолданылмайтыны, артикль қолданылмайды тек «бір» деген сан есім белгісіздік артикль қызметін атқаратны, демеулік шылау славян тіліндегі «предлог» орнында жүреді деген сияқты негізгі айырмашылықты атап өтіпті. Демек, осылай айтылғанымен соңғы зертеу талдаулардың негізінде орал тілдерінің алтай тілдерімен туыстық қатынасы анықталмады. Орал тілдерін кейбір ғалымдар (Д.Ннмет, М.Рясянен, Б.Коллиндер) осы тілдердің лекцикасындағы азғантай ұқсастықтығын қарап туыстас тілдерге балаған.

Осылай айтылғанымен алтайтану мәселесінде пікір алуандығы болғанымен соңғы кездегі түркітану, монголтану, тұнғус-манчур танудағы зертеулер алтайтанудағы ортақтық мәселедегі бір пікірге келуге септігін тигізді деп айтылып келеді.

Алтайтанудағы ортақтық мәселеде фонетикалық, лексикалық, морфология-лық, синтаксистік деңгейдегі сәйкес құбылыстар бар екені төркіндес тілдердің ортақ белгілері олардың бір генологиялық түп негізді айқындап тұрғанын көрсетеді.

Осы негізде нақтылап айтар болсақ, алтайтанудағы ортақдық белгінің негізін әйгілі алтайтанушы доктор профессор Базылхан Бұқатұлының «Алтай тектіл теориясы» тянақтады. Бұл теорияны кезінде жақтаушылар да, датаушылары да болды. Жақтаушылардың көрнекті өкілі Г.И.Расмсдет, Е.Д.Попиванов, Н.Н.Поп-пе. Б.Я.Владимирцов, В.Ш.Цинцис, О.П.Суник,Н.А.Сыромятников, Н.А.Бас-каков, Ш.Хаттори, Ш.Озава, А.Г.Азербев, С.А.Стиростин, Г.Мижиддорж, Г.Төмөртогоо, М.Базаррагча сынды ғалымдар бұл тілдерді баба текті деп тұжырымдайды. Бұл теорияға қарсы шығушылар В.Котвич, Д.Ж.Клоусон, Г.Дерфер, Л.Легети, А.М.Щербак, сынды ғалымдар ал, күдіктілердің қатар-ында Д.Шинар, И.Бенцин, Г.Д.Санжаев сынды ғалымдар. Ал даттаушы ғалымдардың негізгі уәжі бұл тілдегі ұқсастықтар тілдердің тоғысуы, араласуы, қосылу процессінің салдары деп көреді. 

Осылайша алтай тектіл тоерясын тарихи салыстырмалы және тарихи типоло-логиялық деген екі бағыттағы тәсілмен қарастыралды. Бірінші бағыттағылар о баста тілдің бір тектен шыққан ортақтығын дәлелдесе, екінші бағыттағылар бұл тілдер о баста жеке-жеке тілдер болды немесе бір тілден екінші тілге ығысқан деп көреді. Дегенмен қалай айтсақта даттаушылардан жақтаушылардың қарысы мол болғанын көріп отырмыз.

Алтай тектіл теориясын негізін салушы ғалым Б.Базылхан өз көзқарасы бойынша тектіл теориясына кері бағыт ұстаған ғалымдардың қателігін былайша келтіргеніне тоқталатын болсақ, алтайлық тек тілдердің эволюциялық даму заңдылығын адамзат қоғамының диалектикалық даму заңдылығымен толық ұштастырмай зертеудің нақты дұрыс қортындысы шықпайды. Олардың зертеулері жалаң, оқшау құбылыс ретінде қараған. Сондықтан да, В.Котвич, Дж.Клоусон, Г.Дерфердердің алтай тектілдердің ортақ сөздерін «кірме сөздер», «типологиялық ұқсастық» деген дәлелдемелері алтайлықтардың «бастапқы ортақ элементі неден басталды, қалай дамып қалыптасты?» дегенге толық жауап бере алмайды дегенді келтіріпті.

Жалпы айтқанда, алтайтануда әліде істелетін жұмыстардың баршылық екенін атап айтар болсақ: алтай тіл білімнің әдістемелік негіздері; алтай тектілдердің нақты құрылымы: тілдердің эволюция даму сатысын көрсететін хронологиялық кезеңдері; туыстық қатынас дәрежесі тілдік құрылымды тұтас қамтитын ортақ негізгі заңдылықтар айқындалу керек екені айтылады.

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...