Алтай Көлгінов: Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын атап өтеміз

ТАРИХ
594

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайында айтты7

«Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет», - деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол биылғы атаулы даталар жайында атап өтті.

«Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, сенатор Нұртөре Жүсіп осыған дейін Үкіметті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнды деңгейде өткізуге шақырған болатын.

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...