Кейде оңаша қалғанда, ойың он саққа, санаң сан саққа бөлініп, біздің басқарушы биліктің білім, денса...
«Наурыз – Ел ұлықтаған Ұлы күн» атты дөңгелек үстел өтеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – Ел ұлықтаған Ұлы күн» атты дөңгелек үстел (ғылыми семинар) ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен материалдық емес мәдени мұрасын насихаттау.
Наурыз – ғасырлар бойғы қазақ халқының дәстүрлі мерекесі. Бұл – көктемгі күн мен түннің теңелетін кезі, жаңа жыл, жаңа өмір және жаңа үміттің бастауы.
Наурыз мерекесі ұлттық тарих пен қазақ халқының бай этнографиялық мұрасының үйлесімділігін көрсететін мейрам. Мереке бастауында бейбітшілік, келісім, Отанға деген адал сезім, игі мақсаттардың бастауы, жаңару жатыр. Ұлыстың ұлы күнін атап өту арқылы біздер ортақ дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғыртуға, қамқорлық жасауға, зор сенім мен еңбексүйгіштікті, ашықтық пен толеранттылықты қалыптастырамыз.
Бұл мереке өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттыру және халқымыздың салт дәстүрін бойларына дарытуды көздейді. Бүгінгі ақпараттық қоғамда, жаңаша ойлау заманында адамдардың табиғатқа, ғарышқа тәуелділігі ғылыми негізде мойындалған заманда Наурыз мерекесі қайтадан ғаламдық деңгейге көтерілетіні анық.
Дөңгелек үстел барысында Наурыз мейрамын өткізудің жаңаша, мағыналық, мазмұндық жағын кемелдендіру және ғалымдардың ой-пікірлерін ортаға салу көзделген. Семинарға белгілі этнографтар, тарихшы-ғалымдар және докторанттар қатысады.
Уақыты: 2023 жылғы 14 наурыз күні сағат 15.00-де
БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі:
БАҚ өкілінің аты-жөні
(жеке куәлігінің №, ЖСН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы);
Түсірілім барысында қолданылатын техника жөнінде маркасы
көрсетілген (камера, фотоаппарат) мәліметті тізім бойынша
nmrk.muzei@mail.ru поштасына жіберу қажет.
Аккредитациядан өту уақыты:
13 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін.
Сурет интернет желісінен
Мәдениет порталы