Ержан Максим The World's Best шоуына қатысуы мүмкін

МУЗЫКА
1282

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі келесі жылы америкалық "The World's Best" шоуына Ержан Максимнің кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ержан Максим 2020 жылы "The World's Best" шоуында бақ сынауы мүмкін.

"Халықаралық сайыстарға қатысу мәселесін министрлік шешіп жатыр. Биыл "Балалар Евровидениесі" өтіп кетті. Енді Ұлыбритания, Америка бар.

Биыл бізден "The World's Best" шоуына екі адам – Данэлия мен Димаш қатысты ғой. Келесі жылы министрлік Ержанның кандидатурасын ұсынады", - деді Маемиров мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...

Жаңалықтар

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...