«Кассандра таңбасы» футуристік трагедия

ТЕАТР
1586

М.Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2023 жылдың 4, 7 және 25 сәуір күндері жазушы Ш.Айтматовтың «Кассандра таңбасы» футуристік трагедиясының премьерасы өтеді. Режиссері – Аридаш Оспанбаева.


Классик жазушы Ш.Айтматов романының сахналық нұсқасы бойынша қойылған «Кассандра таңбасы» спектаклінде адамзаттың рухсыздану мәселесі отбасылық  құндылықтардың қадір-қасиетімен шендестіріле көрсетіледі. Заманауи ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктер мақсатты түрде ізгілік, адамгершілік жолына бағытталмаса – үлкен қасіреттер мен алапат катаклизмдерге соқтыруы мүмкін. Небір апаттардың бастауы – тексіздік. Айтматов өсиеті бүгін де аса өзекті.

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Үлкен залы

Өтетін күні: 4, 7 , 25 сәуір

Басталуы: 18.30-да

Оқиға

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасова сұхбат беріп, өз өміріндегі өкінішті сәттерін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...