Ұлытау облысының әкімі жол жөндеу жұмыстары бойынша кеңес өткізді

Жаңалықтар
804

Аппараттық кеңесте Ұлытау облысына қарасты қалалардың әкімдері өңір басшысына осы жылға жоспарланған автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары туралы баяндады.


Мәселен, Жезқазған қаласы бойынша 2023 жылы ұзындығы 9,8 шақырым болатын 19 көшеге жөндеу жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар 31 наурызда бастау алды, бөлінген қаражат - 138 млн теңге. Орташа жөндеумен 8 көшені немесе 12 шақырым жолды қамту жоспарлануда. Жұмыстар 15 мамырда басталады, оған 1,43 млрд теңге бөлінді.

Сәтбаев қаласы бойынша, биыл 8 көшеге және ұзындығы 25 мың ш.м. болатын квартал аралық жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Аталған жұмыстары сәуірдің ортасынан басталады, оған 192 млн теңге бөлінді. Жалпы орташа жөндеумен және абаттандырумен 5 көшені немесе 7,4 шақырым жолды қамту жоспарлануда. Жұмыстар мамыр айында басталмақ, бөлінген қаражат құны - 701 млн теңге. 

Сондай-ақ, Берік Әбдіғалиұлына Қаражал қаласы (және Жәйрем кенті) бойынша 2023 жылы ұзындығы 12 шақырым болатын 10 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отырғаны баяндалды, аталған жұмыстар 1 мамырдан басталады, оған 10 млн теңге бөлінді. 

Орташа жөндеумен бас аяғы 32 көшені немесе 17,9 шақырым жолды қамту жоспарлануда. Жұмыстар 5 сәуірде басталмақ, оған 1 млрд теңге бөлінді.

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...