“Ер адам ертіп кеткен”: Құлсарыда 8 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылды

Коллаж: Alash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1789

Кеше кешкісін Құлсары қаласында 8 жастағы қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.

Кейін оның мүрдесі табылды.

Ол шамамен түскі уақытта үйден шығып кеткен, бірақ қайтып оралмаған. Туыстары сағат 21:28-де полицияға жүгінген.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі де қосылып, барлық бейнебақылау камералары тексерілген.

Өкінішке қарай, 6 маусымға қараған түні сағат 02:19-да қыздың денесі Күрсай арнасынан табылды.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды, ресми өлім себебі әлі анықталған жоқ.

Полиция жалған ақпарат таратпауға және ресми тергеу нәтижелерін күтуді сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы ат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Целиноград ауданында суға батып кеткен 9 және 12 жастағы екі қыздың өліміне байланы...