IBA Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына қатысты жайтты хабарлады

Жаңалықтар
1184

Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар саны анықталды.

Vesti.kz-тің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы да қатысатын бұл жарыс 30 сәуір мен 14 мамыр аралығы Өзбекстан астанасында өтеді. 

Турнирге 104 елден боксшылар қатысады. Қазіргі таңда 640 қатысушы тіркеліпті, олар 13 салмаққа бөлінді. Алайда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тіркеуді әлі де 14 сәуірге дейін жалғастыратынын ресми сайты арқылы хабарлап отыр. 

Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 5,2 миллион доллар. Әр салмақтағы жеңімпазға алтын жүлдемен бірге 200 мың доллар беріледі. Күміс жүлдегерлерге 100 мың доллар және қолаға 50 мың беріледі. 

Айта кетейік, Польшаның бокстан ұлттық құрамасыТашкентте өтетінң әлем біріншілігіне қатыспайтындығын мәлімдеген. Бұған дейін әлем чемпионатынан АҚШ, Ирландия, Ұлыбритания, Украина қатысудан бас тартқан болатын. Бұл тізімге таяу күндері Германия мен скандинав елдері қосылуы мүмкін. 

Мәдениет порталы

Без категории

  Жаратушы құдірет, Сенің бар екендігіне шүбә келтірмеймін. Барсың! Жүрек түкпірінде... сана...

Жаңалықтар

Кавказ өңірінің көшбасшысына айналған Әзербайжан тағы бір істе өзге елдерге үлгі болуда. Соғыс салда...