Ататүрік мәдени орталығы (АКМ) сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасына назар аудару үшін үш к...
Астаналық жігіт жедел жәрдем дәрігерлеріне пышақ ала жүгірген
Фото интернеттен
2074
Медицина қызметкерлерін отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел шақырған.
Алайда олар келгенде агрессор ер адам әрекетін тоқтатпай, дәрігерді балағаттап, пышақпен қорқытқан.
«Пышақты алып қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырығын алып жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.
Полиция жасағы ер адамды дереу ұстап, «Алматы» ауданы полиция басқармасына жеткізді. Пышақ тәркіленіп алынды», делінген Астана қалалық полиция басқармасының хабарламасында.
Медициналық сараптама 25 жастағы жігіттің масаң күйде болғанын нақтылады.
Айыпталушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.