Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланыс...
Сенат бюросының отырысында Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
348
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросы өтіп, депутаттар 7 наурыз күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Бұл құжат халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кірістің жоғалуын болдырмауды көздейді. Сондай-ақ заң нормалары капиталды шығаруды бақылау тетіктерін күшейту үшін тараптардың өзара байланыстылығын анықтау жолдарын кеңейтеді.
Бұдан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.