Белгілі болғандай, оқиға Ақтау қаласындағы 28А ықшамауданындағы №4 үйде болған, деп хабарлайды maden...
Penn State University. Әлемдік білім беру ортасына қосылу
Penn State University-нің құқық мектібінің Assistant Dean Стивен Барнс MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-гі төртінші ресми сапарының нәтижесінде университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту. MNU мен Penn State University арасындағы меморандум студенттердің академиялық алмасуына, сондай-ақ оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлердің тәжірибе алмасуына негіз болуын нығайтады.
Барнс мырза Penn State University білім алып жатқан студенттерімізге тәнті болып, меморандумға қол қоюға себепкер болған MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY студенттері екенін атап өтті. Сондай-ақ биылғы жылы 7 MNU түлектері мен қызметкерлері Penn State University-нің жалпы сомасы 290 000 АҚШ долларын құрайтын гранттары мен стипендияларын алған болатын.
«Олар біздің университетте мықты нәтижелерді көрсетті. Олардың оқудағы жетістіктері университет рейтингінің айқын көрінісі деп білемін. Сондықтан меморандум аясында университетіміздің де студенттері осы оқу орнында білім алады деген сенімдеміз. Жаһандық қоғамдастыққа қосқан үлестеріңіз үшін рахмет», - деді Penn State University-нің құқық мектібінің Assistant Dean Стивен Барнс.
Айта кетсек, Penn State University 100 мыңнан астам студент оқитын АҚШ-тағы ең ірі университеттердің бірі. Сондай-ақ Американың ең үздік мемлекеттік университеттерінің қатарында танымал.
Серіктестіктің мұндай мысалдары Қазақстандағы жоғары білімнің бәсекеге қабілетті деңгейін тағы да растайды.
MNU мен Penn State University арасында ресми өзара тануға қол жеткізілгендіктен, қазіргі уақытта Penn State University Қазақстан мен Орталық Азиядағы өкілдігінің әртүрлі нысандарына дейін тығыз ынтымақтастық перспективалары талқылануда.