​Астана маңындағы патша қорымынан 7 адамның қаңқасы табылды

Жаңалықтар
1221

Астана төңірегінде ерте темір дәуірінде өмір сүрген адамдардың сүйектері табылды. 

Археологтар Күйгенжар қорғанынан 7 қаңқаны қазып алды. Мамандар патша қорымынан шыққан сүйектер мен әшекей бұйымдарды 15-16-ғасырларға тиесілі деп отыр. 

Астананың іргесіндегі Күйгенжар қорғаны сақтар дәуіріне тиесілі. Өңірдегі ең ірі қорымдардың біріне жататын бұл жер 2,5 мың жыл бұрынғы, яғни ерте темір дәуірінен сыр шертеді. Мұнда қазба жұмыстары екі апта бұрын басталды. 

Ақерке Ғайса, студент:

 - Екі аптаның ішінде 7 қабірді қазып шықтық. Содан шыққан бұйымдар осы. Бірінші әйел адамның сүйегі болды. Оның оң қолынан неке жүзігі табылды. Және сүйектен жасалған бұйым. Оның не үшін жасалғанын анықтаған жоқпыз. 

Жер астынан бұдан басқа сырға, айна мен белдіктің тоғасы секілді әшекей бұйымдар шықты. Алайда кей қабірде ол да жоқ. Археологтардың айтуынша, табылған сүйектердің басы құбылаға қаратып жерленген. 

Бақытжан Ақтайлақ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің оқытушысы:

 - Кей қаңқа сүйектері кейін жерленген. Олардың хронологиясы 15-16 -ғасырларды қамтиды. Және олар мұсылман болуы мүмкін. Себебі, біз оларды қазған кезде оларда қосымша жәдігер табылған жоқ. Ал алғашқы қорғаннан қола сырға таптық. 

Патша қорымынан табылған сүйектер сараптама жасау үшін Италияға жіберілді. Еуропалық мамандар қаңқалардың қай кезеңге жататынын зерттеп, жақын арада нақты жауап беруі тиіс. Ал бүгін тағы екі қабірдің орны анықталды. 

Авторы: Ж.Біркенов

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...