«Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамыАлматыда

МУЗЫКА
1602

2023 жылдың 11 мамырында аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы Алматы көрермендері үшін Республика сарайында арнайы концерттік бағдарлама ұсынады.


Шығармашылық ұжымның ең алғашқы қызметтік жолы осы Алматы қаласында басталды. Ансамбль 1968 жылы құрылып, 1969 жылы 29 қазанда сахнаға шыққан. Қазақстанның белгілі әртістері Сара Тыныштығұлова, Роза Рымбаева, Қапаш Құлышева, Қайрат Байбосынов, Айжан Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, Майра Нүркенова, Жеңіс Ысқақова, Бақыт Шадаева, Бақтияр Тайлақбаев, Сембек Жұмағалиев, Гүлнәр Сиқымбаева, Қанат және Айткүл Құдайбергенов сынды өнер майталмандары шығармашылығын «Гүлдерде» бастады. Алғашқы жетекшісі ҚР халық әртісі Гүлжихан Ғалиева.

2022 жылдың тамыз айында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы аты аңызға айналған шығармашылық ұжым «Гүлдер» ансамблін жаңғырту жобасын қолға алды. Ұжымға шығармашылық оқу орындарының түлектері алынып, тәжірибелі тәлімгерлер – бас балетмейстер ретінде Анвара Садықова және жобаның көркемдік жетекшісі әрі дирижері Серік Дәулетов шақырылды.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Астана қаласында «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамының тұсаукесер концерті болып өтті. Кешке қазақ эстрадасының майталманы, «Гүлдер» ансамблінің алғашқы солистерінің бірі, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, жас әншілер Мәди Сыздықов, Зарина Божакова, Дидар Әбдіхалық және Салтанат Меңдіғалиева, «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен «Steppe Sons» альтернатив-фольк тобы қатысты.

Кешке қазақ эстрадасының майталмандары және Қазақстанның Халық әртістері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі және т.б. қатысады.

Құрметті көрермен! Сіздерге «Гүлдер» ансамблінің шығармашылық мұрасынан ең үздік қойылымдары мен түрлі жанрдағы жаңа музыкалық-хореографиялық композициялары ұмытылмас кеш сыйлайды. Қазақ өнерінің бетке ұстар ұжымының біріне айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңа шығармашылық самғауының куәсі болыңыздар! 

Өтетін күні мен уақыты: 11 мамыр, 19:30

Өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы (Достық көшесі, 56)

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...