Мағжан Жұмабаев – 125 жыл. Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!

ӘДЕБИЕТ
4819

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тұран тұрпатты Мағжан!» атты облыстық ақындар мүшәйрасын жариялайды!

"Тұран тұрпатты Мағжан!» атты облыстық ақындар. мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ:

Мүшәйраның мақсаты: Мағжан Жұмабаев атамыздың шығармашылығын насихаттау; облысымыздағы өлеңге құмар жас таланттарды тауып, өнерлерін шыңдау; Өскелең ұрпақты әдебиетке ынталандыру.

Мүшәйра қатысушыларына қойылатын талаптар:

– Мұшәйраға облысымыздың барлық 16-35 жас аралығындағы ақындары қатыса алады.

– Мүшәйраға қатысушылар Мағжан Жұмабаевқа арналған бір өлеңі мен еркін тақырыпта жазылған (бұрын еш жерде жарияланбаған) бір өлеңін жолдайды.

– Мүшәйра жабық түрде өтеді яғни үміткер өлеңдерін тек бүркеншік атымен ғана тапсыруы тиіс (үміткердің аты-жөні, ол туралы мәліметтер, байланыс нөмірлері мүлде көрсетілмеуі керек)

– Үміткер жазған өлеңдерінің қағазға (А4 форматта Times New Roman қаріпінде) теріліп, конвертке салынған нұсқасын маусым айының 29-на дейін Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның көпшілік іс-шаралар бөліміне тапсыруы тиіс.

Мүшәйра қорытындысы мен марапаттау:

Мүшәйра қорытындысын арнайы тағайындалған қазылар алқасы шығарады. (Қазылардың өздері де жеңімпаздардың нақты аты-жөндерін мүшәйра барысында ғана білетін болады)

Бас жүлде –І (біреу)

І орын –І (біреу)

ІІ орын –ІІ (біреу)

ІІІ орын –ІІІ (үшеу)

Арнайы жүлде - ІІІ (үшеу)

Жүлдегерлер мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Мүшәйраның өтетін күні: 03. 07.18, 

Уақыты мен өтетін орны қосымша хабарланады.

Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 111-ші үй.

Байланыс телефондары: 25-47-80

8708 626 18 76

author

Мағжан Жұмабаев

АҚЫН

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...