17 жастағы хоккейші матч кезінде қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1953
 
 

17 жасар хоккейші Коннор Касин АҚШ-та қайырымдылық матчында қайтыс болған, деп хабарлады madeniportal.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Спортшы матч кезінде есін жоғалтып, мұзға құлаған.

«Лонг-Айленд Шаркс» жастар құрамасының ойыншысы матч арасындағы үзіліс кезінде есін жоғалтқан.

Матч оның өткен жылы жол апатынан қайтыс болған сыныптасы Сабрина Навареттиді еске алуға арналған болатын.

Көрермендер мұзға жүгіріп шығып, дәрігерлер келгенше спортшыға көмектесуге тырысқан.

Хоккейші ауруханаға жеткізілген, алайда ол жан тапсырып үлгерген. 

Әзірге өлімнің себебі анықталған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...