Маңғыстау облысында өтетін «Әбіш әлемі» І Халықаралық фестиваліне шет мемлекеттен 8 теат...
Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты
Alash.kz
"Бұл үлкен жеңіс әрі қуанышты жаңалық. Әбділпат Нұржігіт міне ауруханадан шықты. Біз сарбаздың сауығып кетуін ел болып тіледік. Бірінші кезекте ата-анасы үшін теңдессіз қуаныш. Осы орайда Қорғаныс министрлігінің Әскери госпиталі дәрігерлерінің үлесі көп екенін айтқан жөн. Сондай-ақ дәрігер Әйгерім Мұратқызына айтар алғыс зор. Өлімге араша түскен нағыз кәсіби мамандар", — деп жазды депутат парақшасына.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарбаз есін жиғанда әкесі Тимур Жаналин Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, тілеулес болған барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын. "Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз.