Сәл қол босай қалса Ару Алматыны бетке алатын әдетіміз бар. Сол әдетімізге салып өнердің астанасы әс...
Жұлдызы жанған жүлделі театр
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссерлері Фархад Молдағали мен Дина Жұмабаеваның театр ұжымымен жасаған жұмыстары қазақ театр кеңістігіндегі үздік қойылымдардың көшін бастап келеді. Мүсірепов театры баптаған талай таланттар мен дарынды дүлдүлдер көп бәйгелерде бақ сынап, жүлделі орындарды иеленуде.
Қазіргі таңда кез-келген театрды алып қарайтын болсақ, өзіндік өнер сүйер көрермені бар. Алысқа бармай, Алатаудың төрінде орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында спектакльге бір ай бұрын билет алып қоймасаңыз, қойылым көру мүмкіндігінен қағыласыз. Әрбір қойылым аншлагпен, лық толы залмен өтеді. Осы сұлу өнердің, әдемі атмосфераның артында қандай мамандардың маңдай тері мен ерен еңбегі тұрғанын бірі білсе, екіншісі білмес. Драматург пьсасын жазып сахнаға ұсынған сәттен бастап артистермен жұмыс жасайтын – режиссер. Спектакльдың көрерменге ұсынылуының алдында актерлық құрамға ғана мәлім қызықтар мен қиындықтар болатыны сөзсіз. Спектакльдың әрбір үтірі мен нүктесіне дейін жауапты болатын – режиссер. Жасаған жұмысы сахна сыртында қалып қоятын маман иелерінің еңбегі ерен. Қазіргі таңдағы «трендегі» режиссерлердің бірі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссерлері Ф.Молдағали мен Д.Жұмабайдың талай таланттары мен дарынды дүлдүлдері бас бәйгелерде бақ сынап, жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Ағымдағы жылдың бір ғана сәуір айының өзінде Тотальный театрда өткен «TOTAL FEST. Действующее лицо» фестивалінде «Қаһар» (реж.: Д.Жұмабай) моноспектаклі «ЛЮБИМЫЙ СПЕКТАКЛЬ» жүлдесіне лайық деп танылса, театр артисі Гүлбаһрам Байбосынова «ЛЮБИМАЯ АКТРИСА» номинациясында жеңімпаз атанды. Араға көп уақыт салмай өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған режиссер Дина Жұмабай қанжығасына тағы бір жүлде бұйырды. Ақтөбе қаласындағы VI Халықаралық «BALAUSA» эксперименталды спектакльдер фестивалінде аншлагпен өткен «Оян, қалыңдық» қойылмы үшін «ҮЗДІК РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫС» жүлдесін жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан табылған әрбір маман қазақ театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін бағалы деп білеміз. Қойылымдары көрермен көңілінен шығып, алыс-жақын шетел фестивальдеріне шақырту алған режиссер Ф.Молдағалидің де жұлдызы жақында тағы бір мәрте жарқ етті. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙҰЙЫМЫ тарапынан тағайындалған «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЕҢ ҮЗДІК РЕЖИССЕРІ» жүлдесіне лайық деп танылып, марапат Түркияның Стамбул қаласында ресми түрде табысталды. Аталмыш жас буын режиссерлердің марапаттары қазақ театр өнерінің мерейін тағы бір тасытты. Қаламы қарымды драматург, талантты режиссер, дарынды актерлері бар театр өнері өзгеден кенже қалуы мүмкін емес. Қазақ өнерінің бағындырар белесінің мол екеніне көз алдымызда жүрген табиғи таланттар мен кәсіби мамандар дәлел. Іргелі өнер ошақтарында мәдениетіміздің мәуе жаюынан асқан бақыт бар ма...?! Абыройымызды асқақтар жеңісті күндердің көп болуын тілейміз!
Мерей Алтынбек
Мәдениет порталы