Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай елде мән-мағынасы жоқ орден-медальдары, арзан атақ пен...
Ұлытау облысында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді
18 мамыр сағат 15:30-ден бастап, Ұлытау облысында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» акциясы өтеді. Кездесуге жазылу үшін алдымен көрсетілген телефонға қоңырау шалу немесе eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жіберу қажет. Азаматтарды облыс әкімі мен оның орынбасарлары, қалалар мен аудандар әкімдері мен орынбасарлары, облыстық прокуратура, полиция және салық органдарының, басқармалар мен бөлімдердің бірінші басшылары қабылдайды.
Ұлытау облысының әкіміне, орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына немесе облыстық басқармалардың басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 73-56-41, 73-33-59 телефондары арқылы хабарласу қажет. Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Халықтар достығы мен мәдениетінің үйі.
Жезқазған қаласының әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімі аппаратының басшысына немесе қалалық бөлімдердің басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 76-02-05 телефоны бойынша жүгіну қажет. Өтетін орны: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, 39А, қалалық әкімдік.
Сәтбаев қаласының әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімі аппаратының басшысына немесе қалалық бөлімдердің басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (71063) 3-48-20 телефоны бойынша хабарласу қажет. Өтетін орны: Сәтбаев қаласы, Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы.
Қаражал қаласының әкіміне, оның орынбасарларына, қала әкімі аппаратының басшысына немесе қалалық бөлімдердің басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (71032) 2-64-74 телефоны бойынша жүгіну қажет. Өтетін орны: Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9, қалалық әкімдік.
Ұлытау ауданының әкіміне, оның орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына немесе аудандық бөлімдердің басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (71035) 2-16-13 телефоны бойынша жүгіну қажет. Өтетін орны: Ұлытау селосы, Абай көшесі, 27, аудандық мәслихат аппаратының акт залы.
Жаңаарқа ауданының әкіміне, оның орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына немесе аудандық бөлімдердің басшыларына жеке қабылдауға жазылу үшін 8 (71030) 2-62-88 телефоны бойынша жүгіну қажет. Өтетін орны: Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік көшесі, 5, аудан әкімдігі.