Алматыда мешіт өртенді

ЖАҢАЛЫҚТАР
4280

Алматының Түрксіб ауданында жұмыс істемей тұрған мешіттен өрт шықты, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Мәліметті қалалық ТЖД өкілдері растады. "23.14-де Алматы ТЖД "101" пультіне Түрксіб ауданы, Жасқанат ықшамауданы, Баймағамбетов көшесі, 131 үйдің жанында орналасқан жұмыс істемейтін мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Алғашқы өрт сөндіру қызметі 7 минуттан кейін, сағат 23.21-де оқиға орнына жетті. Өрт сөндіріліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Куәгерлер жолдаған сурет Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Ешкім зардап шекпеген. 

Кейін ТЖД өкілдері өрттің 00.23-де сөндірілгенін хабарлады.

Фото Tengrinews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда түн ішінде темекі тартуға шыққан ер азамат кездейсоқ өз киімін өртеп, ауыр күйік алған....

PESTEL

Ресейдің Әзербайжандағы елшісі Михаил Евдокимов 14 қарашада Әзербайжан Сыртқы істер министрлігіне ша...