Мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды

ТЕАТР
1428

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні  20 мамырда «Астана Операда» кеңінен атап өтіледі. Елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған музыканттың қатысуымен ғаламат концерт өтеді. Бағдарламада жоба авторы, әйгілі музыкант Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» салтанатты одасы орындалады. 


Дүние жүзі Жаңа Қазақстанды бай ресурстарымен және ірі сыртқы саяси бастамаларымен ғана емес, сонымен қатар айтулы мәдени жетістіктерімен де таниды. Елімізде ұлттың рухани дамуына, мәдениет пен өнерге зор көңіл бөлінуде: Қазақ Ұлттық өнер университеті, «Астана Опера» опера және балет театры, Қазақ ұлттық хореография академиясы, «Астана Балет» театры, Ұлттық музей секілді көптеген мекемелер ашылды. Мұның барлығы мемлекеттің ұлтты мәдени дамытуға бағытталған стратегиясы болып табылады. Бүгінде Қазақстанда дәстүрлі ұлттық мәдениет белсенді түрде жаңғырып, халықтық қолөнерді, дәстүрлі әндерді және басқа да ұлттық құндылықтарды жандандыруға көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, елде кинематографты, заманауи музыкалық, опера және балет жанрларын да дамытуға қолдау көрсетілуде. 

Осы маңызды іске мәдениет қызметкерлері, көрнекті өнер қайраткерлері зор үлес қосуда, олар жыл сайын 21 мамырда өтетін кәсіби мерекеде ұлықталады. 

Мереке қарсаңында, яғни 20 мамырда «Астана Операда» еліміздің барлық өңірлерінен мәдениет және өнер қайраткерлері жиналады. Тыңдармандарды Астанадан және Алматыдан жиынтық симфониялық оркестрлер мен хорлардың, сондай-ақ Ақтау, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Көкшетау және басқа облыстардан музыканттардың қатысуымен таңғажайып көрініс күтеді. 

Сондай-ақ осынау айтулы вокалдық-симфониялық туындыны шырқауға келесідей өнер иелері қатысады: сопрано Зарина Алтынбаева, скрипкада жеке партияны Марат Бисенғалиев орындайды, саксофонда - Арухат Мұсайыпов, домбырада – Асқар Солтанғазин, ұлттық аспаптарда Серік Нұрмолдаев, Анар Қасымова, Абзал Арықбаев, Асқар Солтанғазин өнер көрсетеді. Жарқын, дарынды музыканттарға әйгілі қазақстандық дирижерлер Абзал Мұхитдин мен Марат Бисенғалиев, сондай-ақ жиынтық хор дирижері Бейімбет Демеуов жетекшілік ететін болады. 

Шығарма партитурасының музыкалық негізі дәстүрлі қазақ музыкасының өзіне тән әсемдігімен үйлесімді өрілген, онда «Абай», «Сарыарқа», «Жалғау», «Туған жер» тәрізді қазақ әндері мен күйлерінің үзінділері бар. Бұл туынды Қазақстанның барлық мәдениет пен өнер қызметкерлеріне арналған. 

Музыкант, әртіс, музей және кітапхана қызметкерлері мен басқа да өнер қайраткерлері мерекелік көңіл күйге бөленіп, оларға құттықтау сөздер айтылады, себебі олардың еңбектері өлшеусіз, мұны көпшілік біле бермейді. Өз ісімен айналысып жүрген әрбір мәдениет қызметкері – Қазақстанды күллі әлемге танытатын жоғары кәсіби жобаларды жасауға мүмкіндік беретін тұнып тұрған дарын иесі. 

Концерт 15:00-де басталады.

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...