«Ұлытау: Сөз бен Сурет» байқауы басталды

ӘДЕБИЕТ
6340

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы бастамасымен «Мәдениет порталы» интернет-ресурсында «Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілердің қатысуымен республикалық байқау жарияланды. 

Қасиетті Ұлытау топырағында өткізіліп жатқан бұл жобаның негізі мақсаты – еліміздегі суретшілер мен ақындардың шығармаларын насихаттау һәм таныту, олардың туындылары арқылы Ұлытау өңірінің тарихи тұлғаларын, мәдени ескерткіштерін, сакралды орындарын, көркем табиғатын ұлықтау. Поэзия мен сурет өнерінің үндестігін бағалау әрі бағамдау, оқырман қауымның модерндік ортасын қалыптастыру.

Байқаудың ерекшелігі – өнер сайысына қатысушы ақындар мен суретшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды, яғни кез-келген жастағы шығармашылық тұлға қатыса алады.

Республикалық байқау қазақ және орыс тілінде өтеді. Байқаудың шарты бойынша республиканың барлық облыстары пен мегаполистеріндегі суретшілер мен ақындардан бөлек әлемнің әр түкпіріндегі этникалық қазақтар да қатысып, шығармаларын «Мәдениет порталына» онлайн түрде өз қолымен тіркей алады. Ол үшін үміткерлер «Мәдениет порталына» тіркеліп, бұрын еш жерде жарияланбаған, конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы қосу» батырмасы арқылы орналастыра алады. Сонымен қатар байқаудың басқа да шарттарын «Мәдениет порталындағы» Ережесінен оқып алуға болады.

«Ұлытау: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық байқауы аясында жеңімпаз ақындар шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі. Жеңімпаз ақындардың шығармаларына суретшілер сурет салады. Жеңімпаз суретшілер шығармаларына арнайы бейнеролик түсіріледі. Байқауға қатысқан барлық суретшілердің кітап-альбомы (картиналар каталогы) жарық көреді. Кітап-альбомға QR-кодтар арқылы жеңімпаз суретшілер туралы түсірілген бейнероликтерге сілтеме беріледі. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасынына &nbsp...

Жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды,  деп ха...