С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры республикамыздағы үлкен өнер ордаларыны...
Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай Астанада гастрольдік сапар өтеді
Қыркүйек айының 18-19 күндері, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры Қазақстанның Халық артисі Бикен Римованың 100-жылдық мерейтойын «ТҮРКСОЙ» дәрежесінде өткізу жоспарланып отырғанына байланысты бас қаламыз – Астана қаласына гастрольдік іс-сапармен табан тіремекші.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына Б.Римованың «Қос мұңлық», Қ.Мұраттың «Мұғалім», А.Аламанның «Жалқаудың жыры» қойылымдарын ұсыну жоспарлануда.
Сахна саңлағы Бикен Римова «сегіз қырлы бір сырлы» талант иесі. Оның қаламынан туған «Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» атты драмалық шығармалары қазақ театрлары сахнасынан лайықты орын алған.
«Қос мұңлық» спектаклінде қоғамдағы қарттар мәселесі терең сөз болады. Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сығып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қағажу көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымның осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз.
Байланыс телефоны:
Сандуғаш + 7 (777) 739 88 15